Бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер

«Мәртөк тынысы» газеті
Мекен жайы: Мәртөк а., Өтебалинов көшесі 125/3
Телефон: 8 (71331) 21-9-78
Директор: Сәттіғұл Қаракеев
Мәртөк тынысы - қоғамдық-саяси бағыттағы аудандық газет. 1935 жылдан бастап шыға бастаған басылым 2001 жылы сәуір айында "Мәртөк тынысы" деген атпен жарияланды.
Мәртөк аудандық «Мәртөк тынысы» газеті уақыт тынысына қарай, атауы да өзгере бастады:
· 1935 жылдан бастап шығып келеді. Алғашқы атауы «За болшевисткие колхозы».
· 1953 жылдың мамыр айынан бастап «Сталинская знамя» болып атауы өзгертілді.
· 1956 жылдың наурызында газет атауы «Колхозная правда» болды.
· 1962 жылдан 1991 жылға дейін аудандық газет «Ленинский путь» атауымен жарыққа шығып келді.
· 1991 жылды қаңтарынан бастап «Мартукские новости» болып аталды.
· 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін газет «Мәртөк тынысы» деген атаумен жарыққа шығып келеді.
Аудандық газеттің алғашқы редакторы Дарья Мастерова болды.
· 1957-1989 жылдары газетті КСРО Журналистер Одағының мүшесі Борис Лускань басқарды.
· 1994-2006 жылдары газет редакторы Александр Урясов болды.
· 2006 жылдан бері аудандық газетті Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Сәттіғұл Қаракеев басқарып келеді.
Аудандық газетте әр жылдары журналистердің үш ұрпағы еңбек етіп, қалыптасты. Газет ауданның әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қосып, оның жылнамаларын жасауға көмектесті.