Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары-М.Ж.Искаков

Аудан әкімінің орынбасары – Искаков Медет Жумабаевич 1983 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қартоба ауылында дүниеге келген. Отбасылы, 2 баласы бар. Білімі жоғары. 2004 жыл - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті оқып шығып, 2015 жыл - Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылында, Балалар өнер мектебіне домбыра класының мұғалімі болып бастаған. 2003-2004 жылдары Ақмола облысы, Щучье ауданының Республикалық жастар лагерініңбас ұйымдастырушы, 2004-2006 жылдары Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылының Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, 2006-2010 жылдары Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары, 2010-2016 жылдары Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебінің директоры, 2016-2017 жылдары Қаратоғай ауылдық округінің әкімі, 2017 жылдан 17-сәуірінен бастап «Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың 1-наурызы күні Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Функционалдық міндеттері
Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдер саясатын іске асыру, ұлттық және жастар саясатын іске асыру, отбасы және гендерлік саясат, кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік-саяси процестерді және ұлтаралық қарым-қатынасты зерттеу және болжау, әлеуметтік қайшылықтың алдын алу және жою үшін механизмдерін қалыптастыру. Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастықтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту. Бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру. Саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен,бұқаралық ақпарат құралдармен, жастар мекемелермен, діни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, этно-мәдени орталықтармен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдармен жұмыстарды үйлестіру. Қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі, геральдика, мемлекеттік рәміздер, ономастика, діни экстремизмнің алдын алу және осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету, әскери жұмылдыру жұмыстары және азаматтық қорғаныс, әскери қызметке шақыру жұмыстарын үйлестіру. Аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен зейнетақы төлеу орталығының, аудандық аурухана жұмыстарына жетекшілік етеді. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті атқарушы органдар және олардың аумақтық бөлімшелерімен аудандық газеттердің редакцияларымен, қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен, қайырымдылық қорларымен, қоғамдық, саяси ұйымдармен діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды. Әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік-еңбектер қатынастарды реттеу үш жақты комиссияның тең төрағасы. Тілдердің қолданылуы мен дамуы, тұрғындардың денсаулығын сақтау, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, ономастикалық комиссияларды және басқа қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативті-кеңесші органдарды басқарады. Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның, кәсіпкерлер кеңесінің, мемлекеттік рәміздер комиссиясының, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс, жастар саясаты істері кеңестерінің, аудандық әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмысын және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіреді.
Телефон: 8 (71331) 21-5-55