АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАМәртөк аудандық әкімдігі 2018 жылдың 16 қазанында сағат 15:00-де Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы Сейфуллин көшесі 36, кіші мәжіліс залында коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерді 3 (үш) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына сату бойынша аукцион өткізеді, аукционға ұсынылған жер учаскелерінің тізімі:
Лоттың №
Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі
Жер учаскесінің иеліктен алынатын құқық түрі
Жер учаскесінің көлемі, га
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Бастапқы құны, теңге
Кепілдік соммасы, теңге
Ауылшаруашылық шығасының көлемі
1
Аукцион(ағылшындық әдіс)
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
(3 жыл)
1,0000
Мал шаруашылық кешенін орналастыру үшін (үй жайларға ғимараттарға қызмет көрсету үшін)
Жайсан ауылдық округі, Жайсан ауылы
1200000
120250
63240
2
Аукцион(ағылшындық әдіс)
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
(3 жыл)
1,0000
Мал шаруашылық кешенін орналастыру үшін (үй жайларға ғимараттарға қызмет көрсету үшін)
Мәртөк ауылдық округі, Құмсай ауылы
1600000
120250
__
3
Аукцион(ағылшындық әдіс)
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
(3 жыл)
0,3000
Қоғамдық тамақтану нысаны (үй жайларға ғимараттарға қызмет көрсету үшін)
Родников ауылдық округі, Родниковка ауылы
315000
120250
__
4
Аукцион(ағылшындық әдіс)
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
(3 жыл)
1,0000
Мал шаруашылық кешенін орналастыру үшін (үй жайларға ғимараттарға қызмет көрсету үшін)
Жайсан ауылдық округі, Көкпекті ауылының жанында
950000
120250
__
5
Аукцион(ағылшындық әдіс)
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
(3 жыл)
0,1000
Коммерциялық мақсаттағы объекті-лерді орналастыру үшін (үй жайларға ғимараттарға қызмет көрсету үшін)
Сарыжар ауылдық округі, Сарыжар ауылы
120000
120250
__
6
Аукцион(ағылшындық әдіс)
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы
(3 жыл)
0,3200
Балабақша орналастыру үшін (үй жайларға ғимарат-тарға қызмет көрсету үшін)
Сарыжар ауылдық округі, Сарыжар ауылы
384000
120250
__
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ жалға алу құқығын сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді.
Жер учаскелерінің құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: Аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, « Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жеке меншік құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге және заңмен көзделген басқа да міндеттермен шектеулерді сақтауға міндетті. Жер төлемдердің мөлшері салық заңнамасының нормаларына сәйкес есептеледі.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту:
- Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ -нің шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
- Аукцион жеңімпаздарымен Жер кодексінің 105 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылданған кезден бастап алты ай мерзiмде өтелуге тиiс. Төлем жүргізу үшін деректерді Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі 38, 1 кабинетінен алуға болады.
- Ұсынылып отырған учаскелер шекаралық аймақта орналасқандықтан Жер кодексінің 23 бабына сәйкес шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беруге жол берілмейтіндіктен, олар сауда-саттыққа қатыса алмайды.
- Аукционға қатысушыларға өз өтінімдерін бермес бұрын жер учаскелердің нақты орналасқан орны және жай – күйімен алдын ала танысып алу ұсынылады (рельефі, кірме жол салу мүмкіндігі және т.б).
- Жер учаскесін жеке меншікке алу, учаске толық игерілген соң жүргізіледі және кадастр құны бойынша сатып алуға жатады.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты. (көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады)
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады (2018 ж. 15 қазан сағ: 15-00 ге дейін). Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі 38, 1 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71331) 21110, 21156