ТАҒАЙЫНДАУ

Мәртөк ауданының әкімі Ж.Б.Баирхановтың өкімімен 2018 жылғы 1 қазаннан бастап Сарсенбаев Бекбулат Утеуович Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.Сарсенбаев Бекбулат Утеуович 1979 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы - Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2001 жылы қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1999ж – 2006ж аралығында №2 Мәртөк мектеп-гимназиясында тарих пәні мұғалімі; 2007ж – 2008ж аралығында Мәртөк ауылындағы №6 «Қарылғаш» бөбек-бақшасының меңгерушісі; 2008 ж мамыр – 2008 ж қараша айлары аралығында Мәртөк ауданының Қарашай ауылдық округінің әкімі; 2010ж - 2012ж аралығында Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы; 2012ж - 2013ж аралығында Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округінің әкімі; 2013ж - 2015ж аралығында №2 Мәртөк мектеп-гиманазиясының директоры; 2015ж бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Мәртөк аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған.