Аудан әкімінің төрағалығымен апталық жиналыс өтті

Бүгін аудан әкімі Жандос Баирхановтың төрағалығымен кезекті апталық жиналыс өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: аудандағы сенбіліктердің ұйымдастырылуы және өткізілу мәселесі, аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы, қосымша резервтерді іздестіру және әлеуметтік статусты анықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы. Жиналыс соңында аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.