Аудан әкімі Жайсаң ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Мəртөк ауданының əкімі Жандос Баирханов Жайсаң ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Жайсан округінің әкімдігіне үміткер азаматтарды таныстырып, халықтың ой-пікірлерін біліп, талқыға салды.Аудан əкімі тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді жəне орындалу уақыты бекітілді. Тұрғындардың сұрақтарын, ұсыныстар мен шағымдарын тыңдады.