Аудан әкімінің төрағалығымен алқа отырысы өтті

Аудан әкімі Жандос Баирхановтың төрағалығымен барлық мекеме басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің, мектеп директорларының қатысуымен алқа мәжілісі өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Мәртөк ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2018 жылға қойылған тапсырмалар туралы, «Туған жерге тағзым», «Ауыл қамқоршысы», «Түлек.кз» акцияларының, "Бизнес Бастау", " Агробизнес-2020" бағдарламаларының жүзеге асырылулары туралы, аудандағы барлық елді-мекендердің санитарлық тазалығы, аумақтардың абаттандырылуы және көгалдандыру мәселелері туралы. Отырыс соңында аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.