Әкімдер сайлауы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы
Мәртөк ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер
Көпберген Алтынтаға
Мен,Көпберген Алтынтаға20.01.1984 жылы дүниеге келдім. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірдім. 2010-2013 жылдары аралығында ХҚКО Мәртөк филиалының инспекторы, кейін реттеу залының басшысы, 2013-2014 жылдары «Казпошта» АҚ аудандық филиалы басшысының орынбасары, 2014-2015 жылдары «Болашақ» көпсалалы колледжінің оқытушысы, 2015-2017 жылдары аралығында аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап Мәртөк ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келемін. Отбасылымын, 3 балам бар.
Сайлауалды бағдарлама
Мәртөк ауылдық аймағының әкімдігіне үміткер болып тіркелу мен үшін үлкен құрмет, себебі ауданымыздың және соның ішінде өзімнің тұрып жатқан ауылымның әлеуметтік - экономикалық жағдайының дамуына зор үлес қосу мүмкіндігі ашылып отыр.
Егер мен Мәртөк ауылдық округінің әкімі қызметіне сайлансам, төмендегі мәселелерді шешу үшін өз күш-жігерім мен білімімді жұмсаймын деп сендіремін.
- Елбасымыздың, облыс әкімінің саясатын жүзеге асыра отырып, ауданымыздың әлеуметтік - экономикалық жағдайын көтеру, соның ішінде ауылымыздың экономикасын көтеруге баса назар аударып, әрбір жанұяның мұң-мұқтажы мен ұсыныстарына әр уақытта мұқият көңіл бөліп, пікірлерімен санасып, олардың өтініштерінің мүмкіндігінше оң шешілуіне ықпал етемін;
- Ауылдарда балалар тәрбиесіне, білім және денсаулық сақтау саласына көңіл бөліп, мәдениет пен спорттың, ауылшаруашылығының дамуына ықпал етемін;
- Ауылдардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының, көпбалалы аналардың мұң-мұқтаждарын үнемі назарда ұстау мақсатында құзырлы органдарға өткір мәселелер қойып, шешімін табуына, ауыл жастарының қолы бос уақытында мәдени қоғамдық жұмыстармен, спортпен шұғылдануына, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тартуға ықпал етемін;
- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыз азаматтардың несие алуына және кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау;
- Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, жасыл аймақ аумағын көбейту жұмыстарын жүргізу;
- Ауыз-су мәселелерін шешуге жұмыстар жасау;
- Елді мекендерді жарықтандыруға жұмыс жасау;
- Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жандандыру, «Сыбаға» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету;
- Бұқаралық спортты дамыту мен тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жұмыстар жасау;
- Жастар саясатын қарқынды жүргізуді жолға қою. Жастарға қолдау көрсету, оларға әлеуметтік жағдай жасау мен қорғау, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға ықпал жасау;
- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету;
- Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, өзен жағалауының тазалығын қалыпты ұстауға жұмыстар жасау;
- Малдың бағылуын жолға қоюын реттеуге;
- Кәсіпкерлік саласын дамыту, кәсіпкерлік саласында қызмет жасайтын тұрғындардың үлес салмағын арттыруға жұмыстар жүргізу;
- «Туған жерге тағзым!» акциясынадемеушілертарту;
- Қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге жұмыстар жүргізу;
- Үкіметтік емес ұйымдар жұмыстарын жандандыру;
- Селолық округте саяси ахуалдың қалыпты болуын қамтамасыз ету.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы
Мәртөк ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер
Сақтағанов Нұркен Бақытжанұлы
Мен, Сақтағанов Нұркен Бақытжанұлы 1989 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында туылдым. Ұлтым қазақ, білімім жоғары. 2011 ж. – М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2014 ж. – Батыс - Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолымды 2013 жылы «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде іс жүргізуші, кейін 2013-2016 жылдары «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, 2016-2017 жылдары «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы болып қызмет етемін.
Сайлауалды бағдарлама
Мен Мәртөк ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда келесі жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмын:
1. Ауылдың өзекті мәселелерін жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп шешу.
2. Мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлік саласындағы шағын және орта бизнестің жүзеге асуына үлес қосу, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.
3. Көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша ықпал ету.
4. Ауылдың көркеюіне және дамуына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына белсенді атсалысу.
5. Ауылдық округ бойынша әлеуметтік саладағы сұрақтарды оңтайлы шешуге ықпал ету.
6. Ауыл тұрғындарын жат ағымдардан сақтау шараларын ұйымдастыру, алдын алу жұмыстарын жүргізу.
7. Ақсақалдар мен жастар кеңестері жұмысын жандандыру.
8. Салық салу базасын кеңейту.
Ауылдық округте жер қатынастары бойынша тиісті шараларды қолға алу, мақсатты пайдаланбаған жер ресурстарын қайтару бағытында шаралар жүргізу.
Мәртөк ауылдық округінің әкіміне кандидат
Бақыткелді Жомарт Бақыткелдіұлы
1987 жылы Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Бөгетсай ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша оқуды аяқтадым.
Еңбек жолын 2011 жылдан Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы болып бастадым. Сол жылы аталған мекеменің бас маманы болып қабылдандым. Кейін 2013-2017 жылдары аралығында Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлімі басшысының орынбасары лауазымдарын еңбек еттім. 2017-2018 жылдары Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісінің бөлім басшысы, бүгінгі таңдаАлға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы қызметін атқарудамын.
Үйленгенмін, екі балам бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келеді. Сайлауалды бағдарламаның негізгі өзекті бағыттар:
- азаматтардың әл-ауқатын, әлеуметтік, мәдени салалардың және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Мәртөк ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз және жемісті ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
- ауылдың жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметі, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарын шығынының басымдылығы туралы мәселелерді қоса ауылдық округтің ең өзекті мәселелерін белгілеу мен шешуге тұрғындарды тарту;
- ауылдық округтің санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауыл іші автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;
- қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік бағдарламалардың қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің мол санын қатысуға тартуды жандандыру;
-ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқаты арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшінқолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметінің негізгі түрі егін шаруашылығы болып табылады, мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
-шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру;
-жастар мен ересек халықтың мәдени сауығын ұйымдастыру, спорт пен салауатты өмір салтын дамыту;
- жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;
- жұмыспен қамту деңгейін арттыру,жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқытуға және қайта оқытуға, қоғамдық жұмыстарға, жіберу;