Меморандумға қол қойылды

Мәртөк ауданы әкімдігі мен «IQanat» қоғамдық Қоры арасында білім беру жүйесінің дамуы мен білім беру саясатындағы өзара қарым-қатынасы туралы меморандумға қол қойылды. Екі жақты ынтымақтастық келісім аясында аудан орталығындағы білім беру мекемелерінің теңдігін қамтамасыз етеді, оқу-әдістемелік қолдау көрсетеді. Аудан әкімі Жандос Баирханов: ««IQanat» қоғамдық қоры республика бойынша ауқымды жобаларды қолға алған. Ерекшелігі барлық аймақтардан конкурс арқылы қабілетті балаларды іріктеп алады. Келісім шарттың маңыздылығы 1 жыл көлемінде жүргізіліп, жеткіншектерімізге сапалы білім беру. Келісім бойынша ең дарынды деген 4 баланы ұсынып, қордың есебінен қалаған бағытта білім алуына септігімізді тигізіп, жол ашатын боламыз. Үлкен бастамада, жақсы жетістіктерге жетеміз деп сенемін»-деп, білім бөлімнің басшысына және мектеп директорларына дарынды оқушылардың тиісті деңгейде білім алуына ықпал жасауға шақырды.
Әрі қарай «IQanat» қоғамдық Қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі жалпы түсінік беріп өтті. «Құрметті әріптестер, сіздерді жаңа оқу жылымен құтықтаймын. Қордың мақсаты-ауылдың дарынды балдарымен жұмыс жүргізу жәнеде қабілеттерін артырып, жақсы маман иесі болуына мүмкіндік жасау. Әрбір 9 сынып оқушылары арасында жүргіземіз, ол үш тілде, яғни ол баланың таңдауына байланысты. Біздің сайтқа электрондық жүйе арқылы тіркеледі, біз әр тоқсанда олимпиада өткіземіз жәнеде барлық аудан, республика жеңімпаздарын анықтап іріктейміз. 10-11 сынып оқушыларына ұлттық біріңғай тестілеуге, конкурстық емтихандарға дайындап, шыңдаймыз. Шет тілдерін (ағылшын, қытай, француз, араб тілдерін) оқытып көп тілді маман болуына ықпал етеміз. Ауылдың балаларына мүмкіндік жасауымыздың себебі, қабілетті балалардың көрінбей қалуы, жолдың қашықтығы, қаражаттың тапшылығы болып табылады,»-деді, Абыл Насухин.
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жас жеткіншектердің сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор.