Тұңғыш IT – сыныбы ашылды

Сейсенбі күні ауданда алғаш рет IT – сыныбы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясында ашылды. Бұл «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT сынып» жобасы аясында іске асып отыр. Ашылу рәсіміне аудандық білім бөлімінің басшысы Бекболат Сәрсенбаев және «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бисенғали Акзамов, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Болат Көптлеуов қатысты.
Аудандық білім бөлімінің басшысы балалардың ноутбук немесе ұялы телефон арқылы басқарылатын робот техникаларын көріп шықты.
— Елбасымыз цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесінде және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізуде. Ашылып жатырған заманауи сыныптардың мақсаты –балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау. Осы білім ошағында аталған бағдарлама бойынша педагогтар Алтынгүл Мәдиева мен Әлімжан Тлеуленов оқып, білімдерін жетілдіріп келді. Әлі де талай мамандар өз біліктілгін арттырмақ. Оқушылармызға сәттілік тілеймін, қабілетті жеткіншектеріміз көп болсын – деді, Бекболат Сәрсенбаев.
Заманауи сынып 15 компьютермен, интерактивті тақтамен, жоғары жылдамдықты интернет, scratch, blender, 3D max жәнеде қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. Барлық мектеп окушылары үйреніп, білімін шыңдауына болады. Оқушылар әртүрлі бағдарлама арқылы білім көкжиегін кеңейтеді, түрлі компьютерлік ойындар, сабаққа қажетті бағдарламалар, робототехникалар құрастырады. Айта кетсек, «IT- технологиялар» кабинетін ашу жастардың қолдауы арқылы жүзеге асқан. Жаңа технологиялармен жабдықталған кабинет жасөспірімдердің цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология, химия-биология бағытында ғылыми-зерттеулермен айналысуларына, шәкірттердің дарынын ұштап, осы бағыттағы білімін арттыруға мүмкіндік алды.
№2 ММГ-ның 6 «ә» класс оқушысы Айдана Нұрмуханова: «Ең бірінші Елбасымызға ақпарат технологиясына ден қойып, біз сияқты жастарға қол ұшын созып жатырғанына алғысым шексіз. Бұл бағдарламада анимация құру, оймыздан туған кейіпкерлер арқылы мультфильм құрау, әртүрлі ойындар жасауды үйретеді. Мен қуаныштымын өз алтын ұямда IT – сыныбы ашылғанына».