№2 Мәртөк мектеп гимназиясы, бұл білім ордасы ірге тасы қаланғаннан бері жөндеу көрмеген еді. Биылғы жылы күрделі мәселенің түйіні шешіліп, бюджеттен 25 млн 200 мың теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Жаппас Компани» ЖШС жүргізуде. Екі қабаттағы санитарлық-гигиена бөлмелері толық жаңартылуда. Сонымен қатар, кафель тақтайшалары төселмек.
Қазіргі таңда мұндағы жұмысшылар мектептің екінші қабатына толықтай ленолеум төсеген. Ал, нысанның бірінші қабатына ленолеум төсеуді бастап жатыр. Спортзалда едені жаңарып, тақтайлары ауыстыру жұмыстары атқарылуда. Мектеп асханасындағы тозығы жеткен бір қабырға жаңадан қаланып жатыр. Сыртқы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Білім ордасы төбесінің бұрыштары, сокол, отмозка да жаңаруда.
Мектеп жанындағы интернаттың да жөндеу жұмыстары орындалып жатырғанын байқауға болады. Бұнда да санитарлық-гигиена бөлмелері, душ кабиналары, сыртында карниз, отмозка жөнделуде.
Күрделі жөндеуден өткен бұл мектеп оқушылардың сапалы білім алуына негіз болатыны сөзсіз.