Зейнетақы қорына қандай кірістен жарна аударылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қандай кірістен зейнетақы жарнасы аударылатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың тапқан табыстарынан ғана төленеді. Мәселен, кәсіпорын жұмысшылары үшін тапқан табысы оның жалақысы, жеке кәсіпкер үшін — бұл тікелей кәсіпкерлік қызметтен алынған кіріс, жеке нотариустар үшін — бұл олар көрсеткен қызметтен түскен табыс саналады. Ал өтемақылы шарт (азаматтық-құқықтық шарт деп аталады) негізінде заңды немесе жеке тұлға үшін жұмыстардың немесе қызметтердің белгілі бір түрін орындайтын азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарнасы аталған жұмыстарды немесе қызметтерді (жеке мүлкін сатудан емес) орындау нәтижесінде алынатын кірістер төленеді», — деп жазды вице-министр Фейсбуктегі парақшасында.