Мәртөк ауданының бизнес қауымдастығы

Мәртөк ауданының бизнес қауымдастығы
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының филиалы
Басшы: БАУБЕКОВА АЙГҮЛ МӘЖЕНҚЫЗЫ
Байланыс: Мәртөк ауылы, Байғанин көшесі, 101Б, 8 (71331) 79-0-85, a.baubekova@atameken.kz
«Мәртөк бизнес-инкубатор» қоғамдық қоры
Басшы: ЛЕЩЕНКО ЕКАТЕРИНА АНДРЕЕВНА
Байланыс: Мәртөк ауылы, Батурин көшесі, 1, 8 (71331) 31-6-11, businesink@mail.ru
«Мәртөк ауданының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігі
Басшы: САДУАНОВ САМАТ ТҰРСЫНҰЛЫ
Байланыс: Мәртөк ауылы, Батурин көшесі, 1, 8 (71331) 31-6-11
Орталықтар
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының филиалы жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы
Басшы: БАУБЕКОВА АЙГҮЛ МӘЖЕНҚЫЗЫ
Байланыс: Мәртөк ауылы, Байғанин көшесі, 101Б, 8 (71331) 79-0-85, a.baubekova@atameken.kz
2014 жылдан бастап Мәртөк ауылында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының филиалы жұмыс жасайды. Мұнда ісін жаңа бастаған және әрекеттегі кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу мен сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетіледі.
2003 жылы Мәртөк ауылында «Мәртөк бизнес-инкубатор» қоғамдық қоры құрылды. Қазіргі кезде қоғамдық қор ісін жаңа бастаған және әрекеттегі кәсіпкерлерге келесі қызметтер түрін көрсетеді: өз ісін ашу, салық салу, еңбек шарттарын ресімдеу, несие алу, бизнес-жоспар әзірлеу бойынша кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша қызмет көрсету, оргтехника (мәтін теру, басып шығару, көшіру, сканерлеу, факс) және Интернет қызметтері.
Сонымен қатар, 2009 жылы «Мәртөк ауданының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестіктің отырыстарында кәсіпкерлікті дамыту бойынша, еңбек қарым-қатынасы бойынша өзекті мәселелер көтеріледі.
«Атамекен» ҰКП аудандық филиалы жанында 2018 жылдың шілдесіне дейін кәсіпкерлерге ақысыз негізде бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу және есептілік тапсыру, заңгерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу, жобаларды сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуге арналған кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істеп келді. 2018 жылдың тамыз айында пилоттық режимде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ашылды. Өзіндік жұмыс жүргізуге арналған аймақта кәсіпкер кеңесшімен бірлесіп, мемлекеттік органға өтінім жасап, жібере алады, мемлекеттік сатып алу сайтында тіркеле алады, салық есептілігін тапсыра алады және 8 лот бойынша менеджер-кеңесшілерден ақысыз және жедел түрде сервистік қызмет алу мүмкіндіктері бар.