Бизнесті мемлекеттік қолдау

Жиі қойылатын сұрақтар
1-сұрақ: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның басты мақсаты?
Жауап: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
2-сұрақ: «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын жобалар үшін қандай қолдау құралдары қарастырылған​?
Жауап: Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын жобаларға келесідей қаржылай қолдау шаралары қарастырылған:
1. сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2. кредиттер бойынша ішінара кепілдендіру;
3. мемлекеттік гранттарды ұсыну;
4. шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу;
3-сұрақ: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз не және жаңа жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер қандай қолдаудан үміттене алады?
Жауап: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау – бұл жаңа жобаларды жүзеге асыратын немесе жоспарлап отырған, кәсіпкерлерге, экономиканың басым секторларында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларға жеңілдікпен көмек беруді қамтиды. Егер кәсіпкер осы талаптарға сай келсе, келесі көмек түрлерінен үміттене алады:
1) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) кредиттер бойынша ішінара кепілдендіру;
3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуді сервистік қолдау
4-сұрақ: Кепілзат мүлкінің жетіспеуі
Жауап: Бүгінгі таңда, банктен бизнеске кредит алу үшін кредит көлемінен екі есе артық өтімді кепілзат қажет. Егер кредит алуға Сіздің жеткілікті кепілзатыңыз болмаса, жеке кәсіпкерлік субъектілерін кепілдендіруді пайдалануға болады. Бағдарлама банктен кредит алуға кепілзаты жетіспейтін қарыз алушыларға бағытталған. Кепіл құны қажетті кепілзатының жарты сомасына дейін қамтамасыз ете алады.
5-сұрақ: Грант ұсыну бойынша конкурсқа қалай қатысады?
Жауап: Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.
Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.
Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі, яғни «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ-сі облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталғандығы туралы хабарландыру береді.
Грант алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне өтінім береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күн толмаған бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама;
6) бизнес-жоба;
7) Бағдарлама және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
9) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жылжымалы немесе жылжымайтын жеке мүлкімен кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы (ақша қаражаты), сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.
6-сұрақ: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?
Жауап: Бағдарламаны жүзеге асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1-бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау.
1) Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;
2) Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) мемлекеттік гранттар беру;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;
5) жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
6) микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.
2-бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау.
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
4) индустриялық аймақтары құру;
5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.
3-бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету
Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.
4-бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары
Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
7-сұрақ: Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі қанша уақытты құрайды?
Жауап: Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды.
8-сұрақ: Өз ісін алу үшін кредитті қайдан алуға болады?
Жауап: Банктен кредит сұрардың алдында, кішігірім болса да өз бизнесіңіз болуы қажет. Әрекеттегі бизнес Сізге қосымша құжаттар береді. Мысалға, үйіңізде халықтық көркемөнер бұйымдарын жасаумен айналысасыз және бірнеше дүкен мен фирмаларға тапсырасыз. Неге осы фирмалармен бір жылға болжамды жеткізу көлемі туралы шарт жасамасқа? Бұдан бөлек, банктерге Сіздің жетістіктеріңіздің бағалануы маңызды, нақты еңбегіңіздің нәтижесін көре тұра, Сіз «ауданның үздік жуатын орны», «жылдың үздік дүкені», «жыл тауары» сертификаттарын алу мақсатында кәсіби конкурстарға қатыса аласыз. Ал, егер Сізде құралдарды сатып алушылармен шартыңыз болса, оны міндетті түрде жазбаша түрде жасаңыз және олардың көшірмесін банкке беріңіз, олар Сіздің бизнесіңіздің нақты келешегін көруі керек.