Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік күніне» шақырады (2018 ж., маусым)

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 20 маусымында 10:00 мен 17:00 аралығында барлық филиалында өтетін Ашық есік күніне шақырады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».
Шараға қатысушыларға келесі зейнетақы жинақтарының түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріледі:
- міндетті зейнетақы жинақтары;
- міндетті кәсіби зейнетақы жинақтары;
- ерікті зейнетақы жинақтары туралы.
Бұған қоса, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы мәлімет алу әдістері туралы біле аласыздар:
- пошта арқылы;
- электрондық пошта арқылы;
- www.enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы;
- www.enpf.kz сайтындағы «e-mail–ге ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алу» электрондық сервисі арқылы;
- ENPF ұялы қосымшасы арқылы;
- EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы.
Сонымен қатар, біздің мамандарымыз зейнетақымен қамтамасыз ету саласына қатысты сауалдарыңыз бойынша жеке кеңес беруге дайын.