«Ашық мемлекет » мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі өтті.

2018 жылыдың 15 маусым күні аудандық Мәдениет үйінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі" өтті.
Шараны аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімі аудандық жергілікті атқарушы органдармен және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Аталмыш жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру, қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру, сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына, лайықты мамандық таңдауда жәрдемдесу және консультативті-әдістемелік көмек көрсету, ақылы қоғамдық жұмстарға, жастар тәжірбиесіне және әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау болып табылады.
Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту жəне басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Мәртөк ауданының жергілікті жəне аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып, түсіндіріп, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен мағлұмат берді.
Жәрмеңкеге 15 мемлекеттік орган, 4 үкіметтік емес ұйым, «Атамекен» ҰҚК, өкілдері қатысты. 72 адам мемлекеттік қызмет туралы мағлұмат білуге келсе, 28 адамға тікелей қызмет көрсетіліп, электронды цифрлық қолтаңба алынды. Жұмыспен қамту орталығымен ұсынылған 54 бос жұмыс орындарына жұмысқа тұру мәселесімен 46 адам кеңес алып, 5 адамға жұмысқа орналасуға жолдама берілді және 3 адам "Бастау-бизнес" жобасы аясында оқуға жазылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.