ХАБАРЛАНДЫРУ!

2018 жылдың 15 маусым күні таңертеңгі сағат 10.00-де Мәртөк ауылы Байғанин көшесі №121 мекен жайы бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру, қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру, сонымен қатар жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына, лайықты мамандық таңдауда жәрдемдесу және консультативті-әдістемелік көмек көрсету ақылы қоғамдық жұмстарға, жастар тәжірбиесіне және әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау.
Жәрмеңкеге аудандық жергілікті атқарушы органдар, орталық аурухана және аудандық басқармалар және жеке кәсіпкерлер қатысады.
Аталған іс-шараға аудан тұрғындарын қатысуға шақырамыз.
«Мәртөк аданы әкімінің аппараты» ММ.