Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқу семинары өтті

"Мәртөк ауданы әкімі аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімімен 2018 жылғы 28 сәуірінде сағат 15.00-де мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқу семинарын өткізді. Семинар жұмысында аудан әкімінің орынбасары Б.Тілегенов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, аудандық ветеринариялық станция директоры және ауылдық округтердің ветеринарлық пункт меңгерушілері қатысты. Барлығы 20 адам.
Семинар барысында көрсетілген қызметтердің сапасын мониторингілеу және талдау кезінде анықталған мәселер және оларды шешу бойынша әрекеттесу жолдары талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Тілегенов мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты ауылдық округтердегі ветеринарлық пункт қызметкерлерінің біліктілік деңгейі көрсетілетін қызметтің сапасына әсер ететінін және құқықтық оқуды, тәжірибелік пен оқу семинарларды үнемі өткізуге қажет екенін және тұрғындар арасында ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттілігін айтты.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Б.Сақтағанов ветеринариялық пункттермен көрсетілетін "Ветеринариялық анықтамалар беру" және " Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік қызметтерінің стандартына жеке-жеке тоқталып түсіндірді. Сонымен қатар 2018 жылдың 1 тоқсаны және сәуір айы бойынша ветеринарлық пунктермен қызмет көрсету мониторинг қорытындысын талдап мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде бар кемшіліктерді көрсетті. Ветеринарлық пунктермен қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шаралардың саны мен сапасы, өткізілген іс-шаралардың нәтижелігіне жету туралы айтты.
Аудан әкімінің орынбасары және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде мамандардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Семинардың соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Тілегенов көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, оларды заңнамамен белгіленген мерзімде көрсетуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмысын белсендіру бойынша тапсырма берілді.