Қоғамдық кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Достық үйінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Оған Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, аудандық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары мен баспасөз өкілдері қатысты. Кеңес отырысын қоғамдық кеңестің төрағасы А.Исмагулов жүргізді. Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе "Мәртөк ауданының Қоғамдық кеңесі жұмысы", "Мемлекетік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстар ", "«Жемқорлықсыз болашақ» "Адал ұрпақ" патриоттық клубының жұмысы" қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Нұркен Бақытжанұлы Сақтағановтың және №4 Мәртөк орта мектебінің директоры Мұрат Шикалұлы Айтназаровтың баяндамалары тыңдалды. Баяндамашыларға сұрақтартар қойылып ұсыныстар берілді.
Отырыс соңды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев аудан бойынша жалпы атқарылып жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өз ұсыныстарын білдірді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкіміне және жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсыныстар айтылып тапсырмалар берілді.