Электрондық үкімет» порталын көпшілікке тарату бойынша семинар өтті

"Мәртөк ауданы әкімі аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы департаментінің Мәртөк аудандық филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығымен» бірлесіп, 2018 жылғы 18 қаңтар күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселесіне қатысты «электрондық үкімет» порталын пайдалану бойынша мемлекеттік қызметкерлермен семинар өткізді.
Семинар аясында тыңдаушыларға «egov.kz» порталының бөлімдері мен порталда ұсынылған қызметтер туралы толық ақпарат беріліп, қандай да бір анықтаманы немесе қызметті онлайн режимінде алудың тәртібі түсіндіріледі.Үйретушілер порталда тіркелудің үдерісі мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу жолдарын үйретеді. Бұдан өзге порталды қолданушылар салық түрлері, мемлекеттік алым және жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеудің жолдарымен және мемлекеттік органдарға электрондық өтінім жолдаудың тәртібімен танысады.