Ауылдық әкімдіктерде «Электронды қызмет алу бұрыштары» жұмыс жасай бастады

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, сондай ақ, электрондық форматта қызметтерді алушылардың санын көбейту мақсатында Мәртөк аудандық әкімдігімен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы КЕАҚ Мәртөк аудандық бөлімшесімен бірлесіп, тұрғындар арасында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу және оның көмегімен қызметтерді электронды түрде алудың маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Сарыжар ауылының тұрғындарынмен кездесу өткізіліп, халыққа электрондық сандық қолтаңбаны қолдана отырып электрондық қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. "Электрондық үкімет" порталынан қызмет алу тәртібін түсіндіру мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы КЕАҚ Мәртөк аудандық бөлімшесі қызметкерлері барлық ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін «Азамттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса онда пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны қайтадан алу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.
Қазіргі күні ауылдық округтердегі әкімдіктердің ғимараттарында тұрғындарға арналған өзін-өзі қамту (зона самообслуживания), яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу бұрышы жасақталды. Бұрышта интернет желісіне қосылған компьютер қойылған және келушілерге әкімдіктің мамандары «Электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретеді.