Жеке куәлікті және шетелге шығу төлқұжатын қалай алуға болады?

Жеке куәлікті және шетелге шығу төлқұжатын беру бойынша мемлекеттік қызмет ең көп талап етілетін қызметтердің бірі. Ағымдағы жылдың 11 ай ішінде 1418050 жеке куәлік және шетелге шығу төлқұжаты берілді.
Көрсетілген құжаттарды алу үшін азамат міндетті түрде келесідей қадамдарды атқару қажет:
1-қадам –ХҚКО-ның кез-келген фронт-кеңселеріне жолығу.
2-қадам – Қазпочта немесе екінші деңгейлі банк бөлімшелеріне мемлекеттік баж салығын төлеу.
Жеке куәлікті беру үшін төленетін мемлекеттік баж салығы 0,2 АЕК (453,8 тг), төлқұжат алу үшін 4 АЕК (9076 тг) құрайды.
3-қадам – ХҚКО операторына қажетті құжаттар пакетін ұсыну, оған: құжат үшін мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек, туу туралы куәлік (16 жасқа толуына байланысты, 16 жасқа дейінгі алынатын төлқұжат), ата-анасының біреуінің жеке куәлігі (баланың азаматтылығын растау үшін) кіреді.
Көрсетілген құжатты мерзімі аяқталуына байланысты ауыстырған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртекті тапсыру қажет, ал егер жоғалтқан құжатты қайта қалпына келтіру болса, төлем туралы түбіртек пен жоғалтқандығы және қайта қалпына келтіру туралы өтінішті ұсыну қажет.
4-қадам – Бірыңғай электрондық кезектің талоны бойынша, ХҚКО-ның фронт-кеңселерінде қызметтерін көрсететін көші-қон полиция бөлімінің жұмыскерлеріне барады.
5-қадам- суретке түсіп және қолды ХҚКО-ның жұмыскерлеріне тапсыру кету.
Дайын құжаттарды 15 жұмыс күні аяқталғаннан кейін алып кетуге болады. Егер, азамат құжаттарды жедел түрде алғысы келсе, онда ол «жеделдету» үшін көлемі 1989 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
Бұндай жағдайда, дайын құжаттарды жедел түрде алудың мерзімі: Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалалы үшін 2 жұмыс күнді құрайды, қалған облыс орталықтары үшін – 4 жұмыс күнді құрайды (құжаттарды қабылдау күні мерзімге кірмейді).
Мерзімі аяқталған төлқұжат ауыстыруға жатады. Ауыстыру туралы өтінішпен уақытылы жолығу қажет (мерзімі аяқталғанға дейін 3 ай бұрын келуге кеңес беріледі).
Жаңа жеке куәлікпен және төлқұжатты алу кезінде, көне құжаттарды ХҚКО-ның операторына тапсыру қажет.