Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

Мәртөк аудандық Әділет басқармасының басшысы С.Қасенов бірлесе отырып, Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Сактаганов, Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының адвокаты Д.А.Кошқарбаевтың, Ақтөбе нотариалдық округінің нотариусы А.АТурмагамбетова, «Нұр Отан» партиясының АОФ-нің кеңесшісі Успанов М..М., Мәртөк аудандық ХҚКО–нің бөлімінің басшысының орынбасары Алькуатова Ж.Г, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Искаков К.К. қатысуларымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйекте аудан тұрғындарын қабылдау және оларға мемлекеттік қызметтер көрсету саласында және өзгеде құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» атты акциясы ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында азамат Кузенбаев Әлібек және Ясько Светлана «Жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет» екендігі жөнінде көптеген сұрақтар қойды, Пилюк Ж. зейнетақы стажын қалай аңықтауға болатындығын туралы, Нурымбетова Б. ХҚКО қызметкерінен тіркелім жасау үшін қандай құжаттар қажет екенің сұрады. Белая Л. неке бұзу туралы куәлігін қалай алуға болатындығы жөнінде сұрақтар қойды, Жасакова Л. өзінің атындағы жерлерде яғни жеке тұрғын үй құрылысы туралы анығырақ сұрады,Ерматова И. адвокатқа сенімхаттын көшірмесі туралы жәнеде Уразымбетова Ш. жаңа туылған баланы тіркеу туралы сұрақтар қойылды.
Кездесуге келген азаматтармен қойылған сұрақтарына білікті және толықтай жауап берілді.