Конкурс

«Парыз» республикалық конкурсына қатысыңыз!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасы энергетика министрлiгi, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2018 жылы өткізуін хабарлайды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталып, жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен таратылуы бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша халықты жаппай ақпараттандыруға арналған.
Конкурсқа келесі санаттар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады:
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
- ірі кәсіпкерлік субъектісі;
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
Конкурс жыл сайын келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады.
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) "Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Үміткерлер материалдарды Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелеріне сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
- 2018 жылдың 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерін қабылдау;
- 2018 жылдың 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жіберуі;
- желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Ауданның кәсіпорындарын республикалық конкурсқа қатысуға және өздерінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуларына, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймыз.
Нақты ақпарат пен кеңесті Мәртөк селосы, Сейфуллин көшесі, 38 үйде орналасқан Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №1 кабинетінде, тел: 22215, аудан әкімдігінің веб-сайты: www.martuk.aktobe.gov.kz немесе Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үйде орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 221 кабинетінде, тел.: 54-58-17, басқарманың веб-сайты: www.social.aktobe.gov.kz немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 8(7172)74-35-11 телефоны алуға болады, www.mzsr.gov.kz.