Ереже

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «27» қаңтардағы
№ 37 қаулысымен бекітілген
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі /әрі қарай - Аппарат/ әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақта мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген және аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030600, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Аппарат функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
15. Міндеттері: аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі, өзге жоғары тұрған мемлекеттік органдардың кесімдері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпараттар әзірлеуді үйлестіру, орындалуын бақылау және орындау барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
2) аудан әкімдігі отырыстарын, аудан әкімінің қатысуымен кеңестерді әзірлеуді ұйымдастыру;
3) мемлекеттік, салалық және жергілікті деңгейдегі өзге бағдарламалардың іске асырылу барысын талдау, талдау негізінде тиісті ұсыныстар әзірлеу;
4) аудан әкімі мен әкімдігінің олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өкілді және атқарушы органдармен, аумақтық органдармен, саяси партиялармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
5) әкімдікке тікелей бағынысты мемлекеттік органдардың кұрылымын, оларды құруды, таратуды және қайта ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) аудан әкімінің ic қағазын жүргізуді ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларын өңдеу, құжаттар айналымын талдау, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ету;
7) аудан әкімі мен әкімдігі кесімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасау, заңнамаға сәйкес қайтару, сондай-ақ соттарда олардың мүдделерін білдіру;
8) аудан әкімдігіне бағынысты тұлғалардың мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты кадрларды іріктеуді, тиісті құжаттарды ресімдеуді ұйымдастыру;
9) аудан әкімінің атына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру;
10) ішкі бақылауды жүзеге асыру;
11) аудан әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен қарым қатынасын ұйымдастыру;
12) жергілікті атқарушы органдардың "электрондық әкімдігі", электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық – коммуникациялық желілерін дамытуды қамтамасыз ету;
13) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау, мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде электрондық қызметті енгізу жөніндегі атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
14) ауданға облыс әкімі мен басқа мемлекеттік органдардың жоғары тұрған лауазым иелерінің сапарларын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;
15) сайлаулар өткізу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыруға қатысу;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;
17) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау мен болжау;
18) қоғамдық-саяси жағдайды зерделеу, талдау және болжау;
19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
20) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына ат салысу;
21) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
22) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
23) заңнамада көзделген басқа да функциялар.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) ауданның мемлекеттік мекемелерінен және өзге де ұйымдардан ақпараттық материалдарды сұрату және жұмыс барысында пайдалану;
2) аппараттың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен аудан әкімі мен әкімдігі кесімдерінің жобаларына келісудің бар-жоғын, заң талаптарының сақталуын бақылау және олар болмаған жағдайда тиісті жобаларды қайтару;
4) ҚР заңнамасына сәйкес аудан әкімінің шешуін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
5) мемлекеттік мекемелер мен атқарушы органдар басшыларының лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
6) аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралып жатқан мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақыру;
7) алқалы органдардың отырыстарына қатысу;
8) Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, облыс және аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын тексеру жүргізуге қатысу;
9) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда, сотта аппарат мүдделерін білдіреді;
2) аудан әкіміне аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілерін қызметке тағайындау туралы ұсыныс енгізеді, бөлімдердің өзара байланысын реттейді;
3) персоналды басқару қызметінің жұмысын үйлестіреді;
4) аппараттың мемлекеттік емес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады;
5) кесімдердің келісілген жобаларын аудан әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
7) аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, олардың міндеттері мен өкілеттерін белгілейді;
8) аппараттың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
9) бұйрықтар шығарады және аппарат бойынша нұсқауларды бекітеді;
10) қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
11) аппараттың қызметіне жалпы бақылау жасайды;
12) Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшы басқарады
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
25. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы болып «Мәртөк аудандық қаржы бөлімі» ММ табылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.