Мәртөк ауданының бизнес климаты

Ауданның экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі – шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі.
2018 жылдың 1 маусым жағдайына әрекет етіп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 1598 бірлік құрады. Осы субъектілерде жұмыс жасап жатқан адамдар саны 3726 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4% өсті (мәлімет 2017 жылдың қорытындысы бойынша).
Өндірілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтер көлемі 9972 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% артты (мәлімет 2017 жылдың қорытындысы бойынша).
Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданда келесі құрылымдар құрылған және жұмыс жасайды: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының филиалы, «Атамекен» Палатасының филиалы жанындағы кәсіпкерлерді қолдау орталығы, бизнес-инкубатор, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы, «Мәртөк» несие серіктестігі, үш заңгер кеңселері және үш нотариат, бухгалтерлік есеп жүргізу қызметін көрсететін үш кәсіпкерлік субъектілері.
Мәртөк ауданы географиялық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан: аудан Кедендік Одақтың ірі нарығы - Ресей Федерациясымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолы өтеді. Мұның барлығы бизнесті жүргізу шарттарын сапалы түрде жақсартуға қажетті жағдайлар туғызады.
Сонымен қатар, Мәртөк ауданы 6 аудан және облыс орталығы ішінде Ақтөбе агломерациясына аймағына кіреді. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы ел астанасымен, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар 4 агломерациялардың бірі атанатын болады. Келтірілген мәліметтер Мәртөк ауданында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлардың жасалып жатқандығының айқын белгісі болып табылады.