Субсидия беру

17.01.2017ж.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау бағдарламасына өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама
«Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрған мекен жайы: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, с.Мәртөк, Сейфуллин көшесі № 38, 8 бөлмеде өтінімдерді қабылдау жүргізеді. Байланыс телефоны: 8 (71331) 21-8-84.
Қазахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/ 600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінім қабылданады.
Өтінім мына мекен жай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, с.Мәртөк, Сейфуллин көшесі № 38, бөлме 8. «Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ. Байланыс телефоны: 8 (71331) 21-8-84, электрондық мекен жай: martukagri@mail.ru