Мақала

Мәртөк ауданындағы 2016 жыдың 1 тоқсандағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
ақпарат
Мәртөк ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуда.
Ауданда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты семинар-жиналыс, жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы заңнамалығын талқылау бойынша жиналыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл, мемлекеттік қызмет туралы, жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы заңдарын түсіндіру бойынша құқықтық түсіндіру 4 шара өткізіліп, 330 адам қатысты. Аудандағы барлық білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша көпшілік танымдық, құқықтық түсіндіру шаралары өткізілді (15 шара, 750 адам).
Аудан мекемелеріндегі сенім телефондары ағымдағы жылдың ақпан айында аудандық газетте жарияланып және аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылды. Мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылды. Өткен мерзімде апта сайын, ай сайын жазбаша, ауызша, жеке түрде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мақсатында аудандық газетте 6 мақала жарияланды. Халықты құқықтық ақпараттандыру мақсатында, Мәртөк ауданы әкімдігінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты бөлімі жұмыс жасауда.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында қоғамдық-саяси және діни жағдайы бойынша әлеуметтік зерттеу өткізу кезінде аудан тұрғындарының жемқорлықты қабылдау мәселелері енгізілді, аталған зерттеуде респонденттердің нақты жеке сыбайлас жемқорлықпен кездескені туралы сұрақтар енгізілген.
Аудан тұрғындарының көпшілік бөлігінің пікірі бойынша, Мәртөк ауданындағы сыбайлас жемқорлық құбылысының таралу деңгейі соңғы 3-4 жыл бойы бұрыңғы деңгейде (48%). Өткен жылғы зерттеулермен салыстырғанда аудандағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне баға беруші азаматтардың үлесі 1,4 есе өсті. 2015 жылғы зерттеумен салыстырғанда аталған құбылысты азайуы жағына баға беретін үлесі азайған. Сонымен қатар ауданда сыбайлас жемқорлық көбейді деген респондеттердің санының үлесі 9,9 % -дан 14,5 %-ға өскен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізу жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік шаралардың тиімділігі салыстырмалы түрде жоғары, алайда қайшы әсер пайда болады – жемқорлық туралы көбірек айтылып, жазылған сайын азаматтар осы әлеуметтік залалға оң көзқарас байқалады. Бұл жерде «жарнама әсері» және жемқорлық PR деп аталатын құбылыс орын алуы мүмкін.
Аудан әкімінің бөлімдері көлемінде 2016 жылдың қаңтар – наурыз айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындысы
Мемлекеттік органның атауы
Көрсетілген қызметтің жалпы саны
ХҚКО арқылы көрсетілген м/қ жалпы саны
ХҚКО арқылы көрсетілген м/қ % үлесі
Электрондық веб- портал арқылы көсетілген м/қ жалпы саны
Электрондық веб- портал арқылы көсетілген м/қ % үлесі
«ЭҮП немесе ХҚКО арқылы көрсетуге мүмкіндігі бар м/қ қағаз түрінде көрсетілген саны
Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
1
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
930
456
49,0
205
54,0
246
23
2
Аудандық білім бөлімі
84
13
15,4
71
100
3
Аудандық дене шынықтыру және спрт бөлімі
8
8
100
4
Ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі
61
2
3,3
59
5
ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі
8
8
100
6
Ветеринариялық стансасы
1802
1802
7
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
324
311
96,0
13
8
Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі
0
9
Аудандық жер қатынастары бөлімі
115
111
96,5
4
10
Ауылдық округтер
3359
3310
98,5
49
11
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
354
308
87,0
21
71,4
15
10
12
ХҚКО
144
17
11,8
127
88,2
13
Барлығы:
7170
1228
40,0
3734
63,2
2174
46
Аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдер, ауылдық округте және ХҚКО арқылы 2016 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша барлығы - 7170 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 46
- «ЭҮП» және (немесе) ХҚКО арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтердің саны - 2174
- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1228
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 3734
Баламалы негізде көрсетілетін қызметтер бойынша 2016 жылдың қаңтар - наурыз айында көрсетілген барлығы 836 қызметтің ХҚКО арқылы көрсетілген үлесі 800 қызмет немесе – 95,7 %
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2016 жылдың қаңтар-наурыз айында «электрондық үкімет» веб - порталы немесе ХҚКО арқылы көрсетілуге тиесілі 5862 қызметтердің 3734-і электрондық түрде көрсетіліп бұл көрсеткіштің үлесі 63,7 % құрады.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілуге тиесілі 386 мемлекеттік қызметтердің барлығы ХҚКО арқылы көрсетілді немесе 100% құрады.
Анықтама ретінде: Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында бекітілген Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың іс-шара жоспарында:
Баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ХҚКО арқылы көрсетілу үлесін 75 % жеткізу;
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 60 % жеткізу;
Тек қана ХҚКО көрсетілуге тиесілі қызметтің мемлекеттік орган арқылы көрсетілуіне жол бермеу тапсырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының негізгі қағидалары демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Соның ішінде сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сонымен қатар еліміздің халықаралық беделіне де және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына да елеулі нұқсан келтіретін аса қауіпті құбылыс. Ол орын алған жерінде біртіндеп әдетке айналып, қоғамда кеңінен қанат жайып кетуі мүмкін екенін мойындамасқа болмайды. Мұндай жағдай мемлекеттік аппараттың беделіне зор нұқсан келтіреді және оған сенімсіздік тудыратыны сөзсіз. Мемлекеттік билік құрылымдарында тез тарауға бейім тұратын мұндай зиянды жағдайларға жол беруге мүлде болмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, аудандағы барлық мемлекеттік органдары қызметінің басты бағыттарының бірі.
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 289 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 349 қаулысымен бекітілді.
Аудан мекемелерінде «сенім телефондары» тұрақты түрде жұмыс жасайды, тізімі аудандық газетте жарияланып, аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылды. Мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері тұрғындар үшін қолайлы жерде орнатылған.
Ауданда 2015 жылдың наурыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары- тәртіптік кеңес төрағасы Кайыржан Ахметбекұлы Токушевтің Мәртөк ауданының мемлекеттік орган басшылары мен басқа мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен семинар-отырыс өткізілді. Онда мемлекеттік қызметтің басымдықтарын түсіндіру мәселелері, аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында қабылданған шаралар туралы және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мәселелер қаралды.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың наурыз, мамыр айларында аудан әкімінің төрағалығымен ауылдық округ әкімдерінің, аудандық әкімдіктің құрылымдық бөлім басшыларының және аумақтық басқарма басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мен болдырмау жөніндегі мәселелер қаралып, мемлекеттік қызметті атқару қоғамның және мемлекеттің тарапынан көрсетілген ерекше сенімнің көрінісі болып табылатыны, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік және моральдік-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылғандығы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мен болдырмау жөнінде қатаң ескертіп, алдағы уақытта басшылар мен мамандардан қолданыстағы заңнамалар шеңберінде көп жұмыстар жүргізіп, заң нормаларын сақтау бойынша қатаң талап қойылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар фактілерінің жолын кесу, ондай әрекеттер үшін жауапкершіліктер түсіндірілді.
Мәртөк ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі өзгерістермен таныстыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір қызметкердің міндеті» атты тақырыпта аудандық әкімдіктің «Нұр Отан» партиясымен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып 2015 жылғы 25 тамызда аудандық Достық Үйінде семинар-кеңес өткізілді. Іс шараға мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарда: Мәртөк ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қоғамдық кеңесінің жұмысы, Мәртөк ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауын зерттеу бойынша өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері, аудандық прокуртурамен 2015 жылдың өткен мерзімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстары жөніндегі мәселелері қаралды
Мемлекеттік қызметті атқару қоғамның және мемлекеттің тарапынан көрсетілген ерекше сенімнің көрінісі болып табылады, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік және моральдік-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Ауылдық мемлекеттік қызметшілердің жұмысының да бірқатар ерекшеліктері бар, себебі ауылдағы мемлекеттік қызметшінің еңбек қызметі де, жеке басының тіршілігі де жұрттың көз алдында. Оның кез келген қадамы, іс әрекеті немесе сөйлеген сөзі көпшілікке демде тарайды.
Сондықтан біздің әрқайсымыздың міндетіміз - барлық қойылып отырған талаптарға сай болу.
Мәртөк ауданы әкімінің аппараты
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жолдары
Қазақ елі өз алдына мемлекет боп Тәуелсіздік алғалы әлемдегі барлық елдер қатарлы «жемқорлық» атты құбылыстың құрсауынан шығуды басты мақсат етіп қойып келеді. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияны бекітті. Аталған проблема ерте заманда пайда болғанымен, ел экономикасы еңсесін көтерген сайын, кері тарта түсетін, оның алға басуын бәсеңдететін өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Ол экономикалық заңдардың жүзеге асуын белгілі бір деңгейде шектей отырып, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделіне нұқсан келтіреді. Қазақстан жеріне тартылып жатқан шетелдік инвестициялардың жолындағы кедергілердің бірі болатындығы да сөзсіз. Әсіресе, мемлекеттік билік органдарында қауіпті ықпалымен, қоғамымыздың және жекелеген қарапайым халықтың мүдделеріне көп залалы тиеді. Сол себепті де, Елбасымыз Н.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі етіп көрсетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана келе, өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда қарастырылмаған мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың құқыққа қарсы беттеуі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп есептелетінін ұғындырған. Аталған заң соңғы жылдарда жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына да айналды десек артық болмас. Заңның ең басты құндылығы да сол, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық салдарынан туатын қауіптен сақтауға, сондай-ақ, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және оны ашу жолында мемлекеттік орындардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Пара алу, қызметтік жағдайын пайда табу мақсатында пайдаланумен қатар қызметтік өзіне жүктелген өклетті міндетті теріс пайдалану сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жасалуына әкеп соғатын іс-әрекет боп есептеледі. Сондықтан да, осындай міндетті атқаратын мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалардың талаптарын жадына түйіп алғандары қажет және өз құзыреттері шеңберінде сыбайлас осы індетке қарсы күрес жүргізген дұрыс. Мұндайда сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын-алу және оны жасағандарды заң жүзінде жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызметі, қаржы мен әскери полиция органдарымен жүзеге асырылып отырады.
Стратегияда жалпы ахуалды талдаудан бастап, оның мақсаттары айқындалған. Яғни, бүкіл қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тартуды меңзейді. Ал міндет етіп, мемлекеттік қызметтегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайластыққа қарсы әрекеттер, құқық қорғау органдарында және соттардағы жемқорлықтың алдын алу сияқты бағыттарды белгілеп берген. Сонымен бірге, сауаттылығы төмен халықпен мәдениеті әлде-қайда төмен мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы жемқорлық жүйесіне балта шабу үшін түйінді бағыттар мен басым шаралар да қарастырылған. Бағдарлама, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру үшін, тәрбие мен білім берудің барлық сатыларында «коррупцияға» қарсы әдістемені құру міндеттерін ұсынуымен мазмұнды. Демек, адамдар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін, алдымен соған қарсы мәдениетті қалыптастыруды қолға алуы тиіс. Алдымен жемқорлықтың кері салдары туралы ақпаратты халыққа дұрыс жеткізіп, насихаттау шараларын ұйымдастыру және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің белгілі деңгейде қалыптасуына, олардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуіне және орындауына көмек береді. Осы тұрғыда ең алдымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген ұғымның кең мазмұнына терең бойлау керек.
Ең алдымен, сыбайлас жемқорлықты елдің дамуына тұсау болатын өте қауіпті қоғамдық дерт деп білу, оның көріністерін анық ажырата алу, мемлекеттің түрлі салаларында жем­қор­лықтың алдын алу, әр адамның пара беру және пара алуға қарсылығы, заңдардың орын­далуына үлес қосуы қажет. Осылайша адамның өзін қоршаған әлемге, қоғамға көзқарасын дәлелдей отырып, жалпы мәдениеттің болымысын айқындап алады. Соған қарай әрбір тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі түйсігі мен іс-әрекеті қалыптасады. Ондай адам бұл індеттің қоғам мен мемлекеттің және кез келген адам баласы үшін қаншалықты зиян екенін сезініп, аталмыш құбылысқа қарсы тұратын жағдайға жетеді.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, қоршаған ортасын, жалпы қоғамды нашар әдеттерден арылту, осы жолда өз үлесін қосу - әрбір адамның патриоттық борышы.
Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі 2015 жылдың 1 шілдесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жемқорлыққа қарсы шараларды белсендіру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде.
2015 жылғы маусым айында Мәртөк ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылғы арналған кешенді әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жоспарды және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттарды орындау үшін жауапты қызметкер болып бөлім басшысының орынбасары Ж.Кауменова бекітілді.
Маусым айындағы «Начни с себя – Өзіңен баста» атты республикалық акцияға бөлім басшысы Г.Алматбаева қатысып, 2015 жылғы 3 маусымдағы №2-372 хатымен өзінің және жолдасының жеке табыстарын, мүліктерін газет бетінде және аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялауға ұсынды.
Бөлімде өткізілетін отырыстарда, тұрақты түрде, барлық қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің ар-намыс кодексінің нормалары қатаң сақталуы және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әркеттер болмауы туралы ескерту жұмыстары жүргізіледі. Бірінші жартыжылдықта 2015 жылғы 23 ақпандағы №4, 2015 жылғы 5 мамырдағы №9, 2015 жылғы 15 мамырдағы №10, 2015 жылғы 9 маусымдағы № 12 бөлім жұмысының хаттамаларында аталған жұмыстар көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып, мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінің нормаларын насихаттау мақсатында Кодекстің мәтіні бөлімнің көрнекті жеріне ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біздің міндет – халыққа қызмет. Наш долг – служение народу» тақырыбында ақпараттық стенд жасалынып, стендте бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетудің заңнамалық құжаттары мен мемлекеттік қызмет алушыларға мамандар мен олардың отыратын бөлмелері көрсетілген ақпарат ілінді. Бөлім басшысы мен орынбасарының азаматтарды қабылдау уақыты туралы ақпарат аталған стендте орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында бөлімде «Сенім телефоны» жасап тұр. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігі орнатылған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне бөлім мамандарының жұмысына арыз, шағымдар түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының Қазақстан Республикасы Заңының негізінде бөлімге жеке тұлғалар тарапынан 2015 жылдың 1 шілдесіне 6 жазбаша арыз-шағым тіркелген. Арыздардың барлығы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу ретінде, шенеуліктер мен азаматтардың жек байланысын болдармау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Айқын» базасына тіркеліп, уақытында жауаптары қайтарылды.
2015 жылдың 1 шілдесіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 1799 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 943 қызмет түрі, «Электрондық үкімет» веб портал арқылы 259 қызмет, бөлім арқылы 597 қызмет.
Баламалы негізінде көрсетілетін 8 қызмет түрінен, барлығы 963 қызмет. ХҚКО арқылы көрсетілді 943, бөлім арқылы 20, ол 97,9 % құрайды.
«Электрондық үкімет» веб портал арқылы көрсетілетін 6 қызмет түрінен, 690 қызмет көрсетілді, оның ішінде 259 портал арқылы, Ол 50,6 % құрайды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 Заңына сәйкес мүгедектердің гигиеналық құралдарды мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес конкурс тәсілімен өткізіліп, 6707,0 мың теңге игерілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға және қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметшілер болған жоқ.