Хабарландыру

Бүгін сағат 8.00-де ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының істен шыққандығы тіркелді, осыған байланысты қазіргі уақытта халықққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметтерді алу мүмкін емес.
Ақаулықтар анықталысымен-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы деректер базасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Ақпараттық жүйе жұмысының қалпына келтірілгендігі туралы қосымша хабарланатын болады.
Қазіргі кезде ХҚКО-ларда келесі қызметтерді алу мүмкін емес болып табылады:
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;
2. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
3. Жылжымайтынмүлікобъектілерініңтехникалықпаспортын беру;
4. Жылжымайтынмүлікобъектілерініңтехникалықпаспортыныңтелнұсқасын беру;
5. Жылжымайтынмүлікобъектілеріжоспарын (схемасын) қосаалғанда, тіркеу органы куәландырғантіркеуісіқұжаттарыныңкөшірмелерін беру;
6. Жылжымайтынмүліккетіркелгенқұқықтар (ауыртпалықтар) жәнеоныңтехникалықсипаттамаларытуралыанықтама беру;
7. Жылжымайтынмүліктіңболмауы (болуы) туралыанықтама беру;
8. Жылжымайтынмүліккетіркелгенқұқықтаржәнетоқтатылғанқұқықтартуралыанықтамалар беру;
9. Жылжымайтынмүлікиесі (құқықиеленушісі) туралымәліметтіқамтитынтехникалықпаспортқақосымшаны беру;
10. ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтарынтұрғылықтыжерібойыншатіркеу;
11. Мемлекеттіктұрғынүйқорынантұрғынүйгенемесежекетұрғынүйқорынанжергіліктіатқарушы орган жалдағантұрғынүйгемұқтажазаматтардыесепкеалужәнекезеккеқою, сондай-ақжергіліктіатқарушыоргандардыңтұрғынүй беру туралышешімқабылдауы;
12. Тұрғынүйкөмегінтағайындау;
13. ҚазақстанРеспубликасыныңаумағындажылжымайтынмүлікобъектілерініңмекенжайынайқындаубойыншаанықтама беру.
Осы ретте, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметіне тұрақты тіркеу де, уақытша тіркеу де қамтылатынын айта кету керек. Осылайша, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі деректер базасындағы ақаулықтар жойылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.
Мәртөк ауданының тұрғындары барлық қажетті ақпараттарды және құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» МК –ның фронт-кеңселерінен алып және ресімдей алады. Фронт-кеңсенің жұмыс тәртібі: сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін және 530 мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Қазіргі таңда Мәртөк ауданында:
1. Бөгенбай батыр көшесі 130 мекен-жайы бойынша орналасқан ХҚКО бөлімі;
2. Байғанин көшесі 114/1 мекен-жайы бойынша орналасқан ӘАВТО (ЗТМО ғимараты)
Фронт-кеңселер жұмыс жасайды.
1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.
1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде барады.
Жалпы, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.
Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Ашық үкімет
Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті жүзеге асыру міндеттері белгіленген.
«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.
Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 3 966 қызметкері қатысты.
«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ – «ЗТМО» департаментінің Ақтөбе филиалының директоры Қайрат Утаров. – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік. Ақтөбе облысында бүгінгі күні 500 ден астам қызметкер өз үлесін қосуда. Біздің күшімізбен 300 ге жуық көшет отырғызылды».
Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қалаларының бақтары мен саяжайларын тазартып, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.
«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.
Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады
«Жер кадастры­ның ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жыл­жымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы тө­леу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерін қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуірден бастап өз қызметін бастады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі корпорацияны құру бойынша ішкі құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиісті уәкілетті органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қатысты 140-тан астам нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады.
Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басты ерекшелігі, барлық бизнес-үдерістерді автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Біріктірілген кәсіпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингі мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергісіз қызмет көрсету, кезекті броньдау сервисі тәрізді мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген.
Корпорацияның көрсететін қызметтер санының едәуір артуына байланысты, корпорация құрамына кірген барлық кәсіпорындардың 3 600 қызметкеріне оқыту-үйрету жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлердің жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері бекітілді (КРІ).
Мемлекеттік корпорация қызметіндегі жаңалықтардың бірі - қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеуді жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етілетін құжаттар едәуір қысқарады.
Азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі де әртүрлі араналар арқылы - қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының көмегімен, электрондық және мобильдік үкімет арқылы қаматамасыз етіледі. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.
Арманды іске асыру үшін әрекеттер жасалса ғана ол арман мақсатқа айналады. Ақ жүректе үкілі үмітін үлпілдетіп, алдына бала бақша ашамын деп мақсат қойған Оралбаева Айгүл Ақтөбедегі ХҚКОна келді. Естуінше, жұмыстың басы осыдан басталады екен. Айгүл келе сала қуанышымен бөлісті: көптен қиялдап-ойлаған арманы – бала-бақша ашу сәті енді түсіп отыр.
Мектепке дейінгі білімнің саласында Айгүл 17 жыл тәрбиеші боп жұмыс жасап келген екен. Ал қазір, облыс орталығында бала-бақша жетпей жатқасын әкімшіліктің қолдауымен ол ойын іске асыруға кірісіп кетті.Жеке үй жалдап, оны талапқа сай келтіріп, бала-бақшаға айналдырды. Жеке бала-бақшаның аты да өзіне сай – «Тәтті бала». Дәл қазір мектепке дейінгі білім ордасы 50 балдырғанды қабылдауға дайын. Ол, Ақтөбе қаласының тұрғын үй салынып, өркендеп келе жатқан аудандарының бірінде орналасқан.
Айгүлдің айтуынша, egov.kz порталын ол әлі де толық меңгермегесін, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы арнайы секторына келіп инспекторлардан көмек сұрадым дейді.
Осыдан бір-екі жеті бұрын осындағы жігіттер мен қыздар көмегімен Айгүл ЭЦҚ ашып, портал арқылы жеке кәсіпкерлігін рәсімдеп кеткен. Ал бүгін енді е-лицензияландыру бөлімшесі арқылы мемлекеттік органға мекеме жұмысын бастайтыны туралы ескерту хатты жіберді. Айгүл, талабыңыз оң болсын!
Теле-радиоарналарды тарату бойынша қызметімен айналысу үшін лицензияны қалай алуға болады
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары – қоғамның басты бөліктерінің бірі болып табылады. БАҚ біздің ғаламшар тұрғындарының мәнерін, эталонын, стандарттарын қалыптастырады.
Бұқаралыққа творчестволық идеяларды ұсынуға талпыну жаңа теле және радиокомпанияларды тудыртады.
Осы қызмет түріне лицензияны ХҚКО-нан немесе www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталынан алуға болады.
«Теле-радиоарналарды тарату бойынша қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметі – электронды (жартылай автоматтандырылған). Егер сіз бұл қызметті бірінші рет рәсімдеп тұрсаңыз, онда лицензияны 15 жұмыс күн ішінде ала аласыз , ал егер лицензияны немесе оның қосымшасын қайта рәсімдеп тұрсаңыз, онда 3 жұмыс күн ішінде ала аласыз. ХҚКО-на жолыққан кезде құжаттарды қабылдау күніне мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі кірмейді.
Қызмет ақылы. Теле-радиоарналарды тарату бойынша қызметімен айналысу құқығы 6 айлық есептік көрсеткіштерді құрайды: лицензияны қайта рәсімдеу үшін – 10 % лицензияны беру кезіндегі төлемнен, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық болмауы қажет. Төлемді екінші деңгейлі банк арқылы немесе «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеуге болады.
Егер сіз қызмет алу үшін ХҚКО-на келуді ұйғарсаңыз, онда лицензияны алу үшін сізге келесідей құжаттар тізімі қажет:
· Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
· Теле және радиоарналарды тарату бойынша лицензия алу (қайта рәсімдеу) үшін жеке және заңды тұлғаладың өтініші;
· Бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
· Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар;
· Мәліметтер нысаны; төтенше жағдайларда, халықты хабардар етудің мекеме схемасы; телерадиоарналар желісінің схемасы;
· Спутникалық станцияларды қабылдап-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутникалық байланыс арналарын пайдаланылған жағдайда);
· Метрологиялық мінездемені көрсете отырып, пайдаланылатын өлшеу құралдары және сынау құрылғыларының тізімі;
· Өлшеу құралдары мен сынау құрылғыларын тексеру және метрологиялық аттестациядан өткендігін растайтын сертификаттар.
Егер нысанның аталған санатында бұл қызмет түрімен айналысу Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынған болса,егер лицензиялық алым төленбесе немесе қызметалушының біліктілік талаптары сай келмесе, онда лицензияны беруге бас тартуы мүмкін. Егер қызметалушыға қатысты сот үкімі шыққан жағдайда, теле-радиоарналарды тарату бойынша қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған жағдайда және мемлекеттік қызметке лицензия алуда уақытша тоқтату сот орындаушыларының негіздемесін ұсынған жағдайда дәл осындай нәтиже шығуы мүмкін.
Лицензия өзгерген жағдайда қайта рәсімделінеді: қызметтің түрі және (немесе) түр тармағы қызметтің , жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты, атаудың және жеке кәсіпкердің өзгеруі; заңды тұлғаның қосылуы, бөлініп шығуы және қайта құрылу кезінде заңды тұлға мекенжайының атауы. Қызметалушы құжаттарды ауыстырудан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде лицензияны қайта рәсімдеуге береді.
Білім туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады
Білім туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасы білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деп аталады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнінен кейін ала алады, ал басқа өңірлердің тұрғындары үшін бұл мерзім күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қабылдау күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Білім туралы құжаттарды апостильдеу ақылы – 0,5 АЕК. Оған ақы төлеуді екінші деңгейлі банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргізуге болады. Өтінішті портал арқылы ресімдеу кезінде ақы төлеу электрондық үкімет шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшін ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек болуы керек.
Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметті ұсынудан бас тартылуы мүмкін.
Егер Сіз автокөлігіңізді бірінші рет тіркеп жатсаңыз, нені білу қажет
Құрметті оқырмандар, ертеден бері автокөліктерді алғашқы рет тіркеу бойынша нормативтері бар. Және осы жағдайда, Сізге өткен жылдың аяғында ҚР заңнама актілерінде кейбір өзгерістер туралы естеріңізге салып өтеміз.
Автокөлікті сатып алу кезінде ең маңыздысы, оның шығу мерзімі болып табылады. Өткен жылдың қараша айынан бастап, шығу мерзіміне байланысты техникалық құрылғыларды алғашқы рет тіркеу үшін тіркеу салымының сараланған мөлшерлемесі қызмет жасай бастады.
Яғни, автокөліктің шығу мерзімінің ескілігі жинау сомасын да арттырады. Сонымен бірге, шығу мерзімі әрекет ететін жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі кезең болып табылады. 1 МРП 2121 теңге.
М 1 санаты (жүргізуші орнынан бөлек, жолаушыларды тасу үшін арналған, 8 адамдық орыннан көп, электрокөліктерді есепке алмағанда, жеңіл автокөілктер):
1 жылға дейін – 0,25 МРП – 530,25 теңге;
1 жылдан 3 жылға дейін – 50 МРП – 106,050 теңге;
3 жылдан жоғары – 500 МРП – 1 060 500 теңге.
ТС гибридті қоспағанда, электроқозғалтқышты М 1 санатты ТС
1 жылға дейін, шыққан жылын қоса, - 0,25 МРП – 530,25 теңге;
1 жылдан 3 жылға дейін, шыққан жылын қоса – 25 МРП – 53 025 теңге;
3 жылдан жоғары, шыққан жылын қоса – 250 МРП – 530 250 теңге.
М 2 санаты (жүргізуші орнынан бөлек, жолаушыларды тасу үшін арналған, 8 адамдық орыннан көп, массасы 5 т.дан асатын микро автобус):
1 жылға дейін- 0,25 МРП – 530,25 теңге
3 жылға дейін – 240 МРП – 509 040 теңге
3 жылдан 5 жылға дейін – 350 МРП – 742 350 теңге
5 жылдан жоғары – 500 МРП – 1 060 500 теңге
М 2 санаты (жүргізуші орнынан бөлек, жолаушыларды тасу үшін арналған, 8 адамдық орыннан көп, массасы 5 т.дан асатын автобус):
1 жылға дейін- 0,25 МРП – 530,25 теңге
3 жылға дейін – 240 МРП – 509 040 теңге
3 жылдан 5 жылға дейін – 350 МРП – 742 350 теңге
5 жылдан жоғары – 500 МРП – 1 060 500 теңге
N 1 санаты (массасы 3,5 т-ға жететін жүк автокөлігі):
1 жылға дейін- 0,25 МРП – 530,25 теңге
3 жылға дейін – 240 МРП – 509 040 теңге
3 жылдан 5 жылға дейін – 350 МРП – 742 350 теңге
5 жылдан жоғары – 500 МРП – 1 060 500 теңге
N 2 санаты (массасы 3,5 т-ға жететін, бірақ 12 т-дан аспайтын жүк автокөлігі):
1 жылға дейін- 0,25 МРП – 530,25 теңге
3 жылға дейін – 240 МРП – 509 040 теңге
3 жылдан 5 жылға дейін – 350 МРП – 742 350 теңге
5 жылдан жоғары – 500 МРП – 1 060 500 теңге
N 3 санаты(массасы 12 т-ға жететін жүк автокөлігі):
1 жылға дейін- 0,25 МРП – 530,25 теңге
3 жылға дейін – 240 МРП – 509 040 теңге
3 жылдан 5 жылға дейін – 350 МРП – 742 350 теңге
5 жылдан жоғары – 500 МРП – 1 060 500 теңге
L санаты (мопоедтер, мотоциклдер, трициклдер және квадроциклдер):
Шығу жылына байланысты емес -0,25 МРП – 530,25 теңге
Сонымен қатар, өзге де мемлекетті баж салықтарының түрлері бар
· АҚТК автокөлік құрылғыларын тіркеу туралы куәлік – 2651,25 теңге;
· Автокөліктің МТНБ (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) – 5938,80 теңге;
· СБЖС (сандық белгілердің жоғарғы сұранымы)
100, 111,200,222,300,333,400,444,500,555,600
666,700,800,888,900,999 автокөліктерге – 290 577 теңге;
· Сандық белгілердің АҚТК 001,002,003,004,005,
006,007,008,009,777 автокөліктерге – 483 588 теңге;
· Мотокөліктерге, автокөліктерге жалғанатын тіркеме АҚТК – 2969, 40 теңге;
· «Транзит» АҚТК – 742,35 теңге;
Автокөліктердің құрылғыларын мемлекеттік тіркеу үшін, сонымен қатар, оларды қайта тіркеу құны – 530,20 теңгені құрайды.
Автокөліктерге, автокөліктерге жалғанатын тіркемелерге, мотокөліктерге берілетін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне беру кезінде мемлекеттік баж төлемінен босатылатындар:
ü Кеңес Одағының батыры, Социалисттік Еңбек ері, үш мәрте Даңқ орденімен және үш мәрте Еңбек Даңқы орденімен марапатталынған тұлғалар, «Алтын Қыран», «Отан», «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болғандар;
ü Ұлы Отан Соғысына қатысушылар және оған қатыст тұлғалар, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта қызмет жасағандар, Ұлы Отан Соғысы жылдары тылда , әскери қызметте ерең еңбегі үшін және аянбай еібек еткені үшін бұрынғы ССР Кеңес медалімен және орденімен марапатталынған тұлғалар;
ü Мүгедектер, сонымен қатар, жастайынан мүгедек атанғандардың ата-аналарының бірі;
ü Чернобыль апатында зардап шеккен азаматтар.
Ескерту: растау құжаттарын ұсынған кезде.
Ақтөбе қаласының ХҚКО-да инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады.
Қазіргі таңда «ХҚКО» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының № 1 қалалық бөлімі ғимаратында инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап аталған жоба еліміздің 19 ХҚКО-да жүргізіліп келеді, атап айтатын болсақ, Астана, Алматы және облыс орталықтарында.
Инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарын жеңілдету, инвесторлар хабардар болатын, мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Бір терезе» қағидатын ендірудің арқасында мүмкіншіліктер туындап отыр.
Қажетті мемлекеттік қызметтерді және өзге де қызметтерді алу үшін инвесторларға әртүрлі мекемелерге барудың қажеті жоқ, «бір терезе» көмегі арқылы, инвесторлардың бюрократиялық және әкімшілік жүктемелерін біршама қысқартып, барлық рұқсаттарды және лицензияларды ала алады.
Кез-келген инвестор өзінің бизнесін кеңейткісі келсе, барлық рұқсат құжаттарын алу үшін немесе кеңес алу үшін жолыға алады.
Инвесторлар өздерінің сұраныстары бойынша құжаттар пакетін дайындау қажет, ал қалған процестерді инвесторлардың өзіне-өзі қызмет көрсету Секторы жасап, бақылайтын болады. Өздігінен әкімшілік сатылардан өтудің қажеті жоқ. Барлық құжаттар аталған уақытта дайын болады және инвесторларға табысталады.
«Бір терезе» онлайн-сервисін автоматтандыру және қамтамасыз ету үшін, инвесторлардың ресурсы “isc.baseinvest.kz” сайтына тіркелу болып табылады. Ол жерден тіркеліп, ақпараттарды алып, сонымен қатар, online режимінде құжаттарды беру процесін қадағалай алады.
Сонымен қатар, инвестор қажетті ақпараттар мен кеңестерді алу бойынша ҚР инвестиция және даму Министрлігі инвестиция бойынша Комитеттің Сallcenter-ге жолыға алады. Сallcenter байланыс телефоны: 8(7172) 75-45-40.
ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетті
2015 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары 34,8 млн. (2014 жылы 29 млн. қызмет), оның ішінде 24,5 млн. электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетіп, өз жұмысының барлық негізгі көрсеткіштерінің өскендігін көрсетті.
Бұл ретте, ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының өсуі жалғасуда, мысалы, 2015 жылдың ішінде ХҚКО-ларға 21 жаңа қызмет берілді және бүгінгі таңда олардың саны 212-ге жетті. Жаңа қызметтер қатарында жетім-балалар мен ата-анысының қамқорынсыз қалған балалардың қорғаншылары мен қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау, жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу және т.б.
Инвестиция және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтың айтуы бойынша, бекітілген қызметтерден басқа ХҚКО-ларда бас прокуратураға талап арыздарды, «сот кабинеті» арқылы сотқа құжаттарды, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына өтініштерді беру бойынша пилоттық жобалар іске қосылған. «Азаматтардың ХҚКО арқылы фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды алу мүмкіндігі пайда болды.
2015 жылғы наурыздан бастап «ХҚКО» РМК, ЗТМО және «Қазпочта» АҚ арасындағы үш жақты меморандумның арқасында шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындары тек Мобильдік ХҚКО көрсететін қызметтерді ғана емес, сонымен бірге жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ оларды тағайындау үшін шоттар ашу сияқты әлеуметтік маңызды қызметтерді ала алады. Жыл басынан бастап мобильдік ХҚКО-лар шалғай ауылдық елді мекендерге 13 мыңнан астам сапарға шықты және 444 мыңнан астам қызмет көрсетті. Сондай-ақ мобильдік ХҚКО-лардың сапарға шығу кестелері қайта қаралды, оның арқасында елді мекендерді қамту саны артты.
Клиенттерге ыңғайлы болу үшін барлық мамХҚКО-ларда «шоферлік комиссиясы» іске қосылған, ол арқылы автокөлік иелері «083У» анықтамасын бір кешеннің аумағында ала алады. Вице-министр бір жыл ішінде мамХҚКО-ларда 2 862 жоғары сұранысқа ие нөмірлер сатылғанын, оның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 923 млн-нан астам теңге түскендігін атап өтті.
Қазан айында Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдік ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жоба бастау алды. Оларды пайдалану азаматтарға ең қарапайым батырмалы телефон арқылы мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің барлығы (жоқтығы) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларын және өзге де қызметтерді алуға жол береді. Айта кетсек, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарының 21 желтоқсаннан бастап ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сатып алу мүмкіндігі пайда болды.
«Conneсtion point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысына аса көңіл бөлінеді. 2015 жылы «Conneсtion point» 7 млн. астам электрондық анықтамалар берілген. Ал азаматтарды порталмен жұмыс істеуге оқытудың арқасында электрондық үкімет порталының халық арасындағы танымалдығы маңызды артты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаны жыл басынан бастап 3 млн. астам пайдаланушы алды.
Қазақстан ХҚКО-ларында сурдоаударма тілін 696 қызметкер игерген, қазіргі уақытта ір ХҚКО-да ыммен сөйлесуді игерген 2 қызметкер жұмыс істейді, ал 1 және 2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ХҚКО қызметкерлері үйіне келеді. Жыл ішінде 30 мыңнан астам мүгедек үйде қызмет алған.
Сонымен бірге, азаматтарға ыңғайлылық үшін кейбір ХҚКО-лар жаңа ғимараттарға көшірілді, бұл тұрақтар, жайпақ пандустар мен тар үй-жайлардың мәселелерін шешуге көмектесті. Қалалардың жаңа аудандарында ХҚКО бөлімдері ашылды. Мысалы, Шымкент қаласының Қаратау ауданында, Алматы қаласының Наурызбай ауданында және т.б. Желтоқсан айында Қостанай мен Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО іске қосылды, әр қайсысында автоматтандырылған автодромнан басқа «А» санатын алуға емтихан тапсыруға арналған алғашқы автоматтандырылған мотодром салынған. Осылайша, елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны 270-ке артты.
Сондай-ақ, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде «жасырын сатып алушы» әдісімен өткізілген әлеуметтік зерттеудің екінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Зерттеу нәтижелері халық арасында ХҚКО қанағаттану деңгейі 85%-ға жеткендігін көрсетті.