МБ тізімі

2016 жылдың 1 маусымға қолданыстағы
мемлекеттік бағдарламалар тізімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
Мақсаты: Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру
Бизнестің жол картасы 2020.doc

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы
Мақсаты: Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы
Мақсаты: Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау
2016 жылдың 1 маусымына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдармасын іске асыру туралы
Ақпарат
Әлеуметтік қорғаудың және еңбекке қабілетті адамды қолдаудың негізгі құралы – еңбекке немесе табыс әкелетін басқа қызметке қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл мәселелердің шешімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның еңбек нарығының тиімділігін арттырудың - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында қарастырылған.
Бағдарламаның 1-ші бағыты- «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».
2016 жылы аудан бойынша 3 әлеуметтік нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде:
Білім саласы бойынша:
- Қызылжар орта мектебінің жөндеу жұмыстарына 42832,0 мың теңге, оның ішінде РБ- 38549,0 мың теңге, ЖБ- 4283,0 мың теңге бөлінді. 21 жаңа жұмыс орыны ашылады, оның ішінде 11 азамат жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа орналастырылады деп жоспарлануда..
- Саржансай орта мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 42152,0 мың теңге, оның ішінде: РБ-37937,0 мың теңге, ЖБ- 4215,0 мың теңге бөлінді. 21 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде 11 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа орналастырылады. Жұмыстар маусым айында басталады
Мәдениет саласы бойынша:
- Родников селолық клубы ғимаратының жөндеу жұмыстарына 26961,0 мың теңге, оның ішінде РБ- 24265,0 мың теңге, ЖБ -2696,0 мың теңге бөлінді. 13 жаңа жұмыс орыны ашылады, оның ішінде 7 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа орналастырылады. Жұмыстар шілді айында басталады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты ауыл тұрғындарына шағын несиелерді беру арқылы өз ісін құру немесе дамыту мақсатында ауыл тұрғындарының бастамаларына қолдау көрсету болып табылады.
Ауыл кәсіпкерлігін дамыту ауылды жерлердегі жеке кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде жүзеге асырылады. Өз ісін ашамын немесе дамытамын деген жеке бастамаларға нақты қолдау көрсететіндігін қарастырады. Аталған бағыт механизмдерінің арқасында кәсіпкерлік негіздеріне маусым-шілді айларында 18 адам оқытылады.
- Шағын несие алу бойынша 45 адамға 179,0 млн.теңге қаражат бөленді. Есепті кезеңге негізгі транштан 15,8 млн.теңгеге 10 адам, қайта инвестицияланған қаражаттан 12 адам 25,6 млн.теңгеге, отбасылық шаруашылықтарын ұйымдастыруға 5 адам 18,5 млн.теңгеге шағын несие алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты білім беру және қоныс аудару арқылы халықты жұмыспен қамтуды қарастырады. Мұнда бірінші кезекте, өзін-өзі жеке жұмыспен қамтығандарға, аз қамтылғандарға және жұмыссыздарды қамту жағы жоспарланып отыр.
Жыл басынан әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адам орналастырылды /жоспар-13/, несеме 176,9%.
29 жасқа дейінгі санаттағы 22 адам жастар тәжірибесіне жіберілді /жоспар-25/, немесе 88%.
Қайта даярлау курстарына 5 адам жіберілді, оқу аяқталған соң жұмыс берушінің сұранысына сәйкес жұмысқа орналасады.
2016 жылы халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау.
/есепті кезең қаңтар-мамыр 2016 жыл./
1. Халықты жұмыспен қамту жұмыстары.
Өңірде жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында 2016 жылға халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Мәртөк ауданның Кешенді жоспары жасақталып, бекітілді.
Кешенді жоспар бойынша 2016 жылы 1189 адам жұмыспен қамтылады, оның ішінде жұмыссыздар-776 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар-413 адам.
Аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыру келесі бағдарламалар арқылы жүргізілетіні күтілуде:
-«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 15 адам.
-«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 4 адам.
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 154 адам.
-«Аумақтарды дамыту» бағдармасы шеңберінде- 1000 адам.
-Жеке жұмысқа орналастыру-8 адам
-«Басқа бағдарламалар» шеңберінде -8 адам
2016 жылдың 1 маусымына аудандық кешенді жоспардың орындалуы 40%-ды құрады, яғни жыл басынан жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралар есебінен 476 адам тұрақты және уақытша жұмыстармен қамтылды.
Уақытша жұмыспен қамту шараларына республикалық және жергілікті бюджеттен 14994,7 мың теңге жұмсалды, онда қабылданған 290 адамға жалақы мен субсидия мөлшері заңнамалық тәртіппен толығымен мерзімінде төленді. Оның ішінде, ақылы қоғамдық жұмыстарға 219 адамға 8569,7 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адамға 1491,0 мың теңге, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 48 адамға 4934,0 мың теңге.
Есепті кезеңге ауданда 4 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 35 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 61 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына , 8 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыстарға жолданды, 173 адам халықты жұмыспен қамту бойынша кеңестер алды.
2.Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары.
2016 жылдың 1 маусымына аудан бойынша отбасының жиынтық табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтары мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған жоқ.
Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 444 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 1194 балаға 11129,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын (туберкулез, онкологиялық) 57 адамға 5152,6 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн, 50 әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша 150,0 мың теңге әлеуметтiк көмек төленді.
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға өсуіне байланысты, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алатын азқамтылған отбасыларына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде /2121 теңгеден/ төленіп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымына 435 отбасына 3678,8 мың теңгеге қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, белгіленген тәртіппен басқалай әлеуметтік қолдау шаралары640 жекеленген санаттағы азаматтарға 20872,7 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Азқамтылған отбасыларының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде аудан бойынша 2016 жылға 25 отбасыға 2965,8 мың теңге шартты ақшалай көмек көрсету жоспарланды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2016 жылдың 1 маусымына ауданның 25 отбасына заңнамалық тәртіппен 1482,6 мың теңге шартты ақшалай көмек көрсетілді. Талапқа сәйкес, аталған отбасыларға әлеуметтік келісім шарт жасалды. Осы көмекті алған 25 отбасында 138 адам бар, олардың ішінде 86-сы балалар, 6-уы бала күтімінде отырған аналар, 5-уі студенттер, 42-сі жұмысқа жарамды адамдар. Жұмысқа жарамды адамдардың 10-ы тұрақты жұмыстағылар, 32-сі жұмыссыз азаматтар. Жұмыссыз 32 адаммен ағымдағы жылдың сәуір айынан маусым айына дейін жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 19 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 8 адам ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылуда, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 1 адам «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша одан әрі жұмысқа орналастыру бағытымен кәсіптік оқытуға жіберілді.
3.Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы.
Мәртөк ауданы бойынша 2016 жылдың 1 маусымына барлық санаттар бойынша мүгедектердің саны 849 адамды құрады, оның ішінде бірінші топ – 68, екінші топ – 366, үшінші топ бойынша – 325, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 90 адам.
2016 жылдың 1 маусымына:
-«Ақбөбек» және басқа республикалық оңалту орталықтарына мүмкіндігі шектеулі 27 бала жіберілген.
-9үйде оқытылатын мүгедек-балаға оқу құралдарын сатып алу және басқа шығындарын өтеуге 80,5 мың теңге сомасында (ай сайын 1 АЕК көлемінде, 2016 жылы 2121 теңге) әлеуметтік төлем көрсетілді.
-көмекші,протездік-ортопедиялық көмекпен,сурдо, тифлотехникалық құралдармен 38 мүгедек адам қамтамасыз етілді.
- гигиеналық құралдармен 30 мүгедек қамтамасыз етілді.
- санаторлық-курорттық сауықтыруға 16 адамға жолдама берілді.
- мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, 3 адам белгіленген квотамен тұрақты жұмысқа, 7 адам ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылды.
-3 әлеуметтік қызметкерлер 15 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Нысандарға кіру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылда 10 нысанға бейімдеу жұмысы жоспарланды, оның ішінде 4 мәдениет саласының, 4 мемлекеттік басқару, 1 білім беру және 1 денсаулық сақтау мекемесінің нысандары.
Аудан бойынша есепті жылы 23 әлеуметтік қызметкерлер 142 жалғыз басты қарттарға, оның ішінде 7 мүгедек адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.
4. Әлеуметтік серіктестік.
Мәртөк ауданы бойынша өңірлер әкімдері және кәсіпорындар басшылары арасында еңбек құқықтарын тұрақтандыру және жұмысшылар кепілдемесі мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы 97 меморандумға қол қойылған, оның ішінде 1 ірі, 2 орта және 94 кіші кәсіпорындар. Меморандумдардың орындалуы селолық округ әкімдері тарапынан бақылануда.