Әлеуметтік қамтамасыз ету

Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары.
А.ж. 1 қазаңға 290 отбасыға (1348 адамға) - 34,0 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, соның ішінде:
- шартты ақшалай көмек – 231 отбасына (1110 адамға) – 27,7 млн. теңге;
- шартсыз ақшалай көмек – 59 отбасына (238 адамға) – 6,3 млн.теңге
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға өсуіне байланысты, табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 290 отбасыға 3,8 млн теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органның шешіміне сәйкес, белгіленген тәртіппен жекеленген санаттағы азаматтарға барлығы 21,5 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:
1) Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, Ұлы Отан соғысының ардагеріне 64,0 мың теңге әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне;
Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын (туберкулез, онкологиялық) 108 адамға 10,2 млн. теңгеге;
үйде оқитын 12 мүгедек балаларға, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 134,7 мың теңгеге әлеумттік көмек көрсетілді.
2) Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек,
9 мамыр – Жеңіс күніне орай 392 адамға 9,6 млн. теңгеге,
Мүгедектер күніне – 1006 мүгедекке 30,0 млн.теңге төленді.
3) Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек 4 адамға 240,0 мың. теңгеге көрсетілді.
4) 14 мүгедекке жол жүру төлем ақысына 342,8 мың теңгеге қаржы төленді.
5) Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн, 834 әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша 5933,0 мың теңге әлеуметтiк көмек төленді.
Аудан кәсіпкерлері, мекемелер, аудан тұрғындары 9552 адамдарға 11,0 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы.
Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қазаңға барлық санаттар бойынша мүгедектердің саны 838 адам, оның ішінде бірінші топ – 71, екінші топ – 324, үшінші топ бойынша – 329, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 98 адам.
«Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 2012-2013 жылдары Мәртөк ауданы бойынша паспорттаудан өткен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны – 112. Оның ішінде бейімдеуге жататын объектілер саны – 67.
2014-2017 жыл аралығында 66 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы Мәртөк ауданы бойынша 1 әлеуметтік инфрақұрылым объекті – Мәртөк аудандық балалар жасөспірім спорт мектебінде бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, аяқталды.
А.ж. 1 қазаңға аудан бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 39, олардың бәрі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген мүгедектің 10-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 4-уі әлеуметтік жұмыс орындарына, 2- жастар практикасына, 14 - тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 12 квота бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 4 адам, кәсіпкерлік негіздеріне "Бастау бизнес" жобасы бойынша 5 адам оқуға жіберілді.
Мүгедектерді оңалту медициналық әлеуметтік экспертизасы дайындаған мүгедекті оңалту жеке бағдарламасының негізінде өткізіледі.
Санаторлық-курорттық емделуге Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Шымкент қаласындағы «Денсаулық» санаториясына 62 жолдама бөлінді, 43 мүгедекке жолдама берілді.
Жеке оңалту бағдарламасының орындалуы:
- протездік-ортопедиялық көмекке 54 мүгедек жолдама алды,
- Жеке көмекшінің қызметімен 26 мүгедек қолданады,
- Кресло-арба 12 мүгедекке берілді
- Сурдо тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен 100 мүгедек қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша бірінші топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. «Social Services» ЖШС-мен 2018 жылдың 14 ақпаннан бастап келісімге қол қойылып оңалту жеке бағдарламасы 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметі көрсетіліп келеді. Бұл мақсаттарға еспеті кезеңге 3 560.0 мың.теңге жұмсалды.
Ауданда, «Қамқөрлық Мәртөк» мүгедектерге және егде жастағы азаматтарға колдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен мемлекеттік тапсырыс аясында 2018 жылдың 10 сәуірінен бастап, мүгедектерге инватакси (1500,0 мың.теңге), мүгедек балаларға жартылай стационар есебінде арнаулы әлеуметтік қызмет (1335,0 мың.теңге) және егде жастағы адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері (6291,0 мың. теңге) ұсынуда. Барлығы 9126,0 мың.теңгеге. 1 қазаңға инватакси қызметіне 544,0 мың теңге, мүгедек балаларға жартылай стационар есебінде арнаулы әлеуметтік қызметтер 699,0 мың теңге, үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерге 3316,0 мың теңге жұмсалды. Барлығы 4559,0 мың теңге
Ауданның 10 селолық округтерінде 157 жалғыз басты қарттарға және жұмысқа қабілеттсіз азаматтарға көмек ұйымдастырылған, 27 әлеуметтік қызметкерлер өзінің қызметтерін көрсетеді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік серіктестік.
Мәртөк ауданы бойынша өңірлер әкімдері және кәсіпорындар басшылары арасында еңбек құқықтарын тұрақтандыру және жұмысшылар кепілдемесі мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы 108 меморандумға қол қойылып, орындалуы бөлім және селолық округ әкімдері тарапынан бақылануда.
2018 жылдың 1 қазаңға аудандық үш жақты комиссияның 4 отырысы өткізілді (3 кезекті, 1 кезектен тыс), онда 10 сұрақ қаралды. Еңбек шиелінісінің алдын алу және даулы мәселелерді шешудің тәжірибелері туралы жұмыстар әр комиссия отырысында тараптар төрағаларымен талқыланып отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша жүргізілген жұмыстар.
Еспеті кезенде 5618 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 1576 қызмет, «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы 2025 қызмет, 2017 қызмет бөлім және жұмыспен қамту орталығы арқылы көрсетілді.
Бөлімге 19 өтініш түсті, оның ішінде 2 заңды және 17 жеке тұлғалардан. Барлық 19 өтініштерге тиісті заңнамалық тәртіппен түсіндірме түрде жауап берілді.
Қаржы игеру жұмыстары.
Бөлім бюджет бағдарламалары бойынша 2018 жылға әлеуметтік қолдау шараларына 194,6 млн. теңге нақтыланып, бекітілді. А.ж. 1 қазаңға 130,4 млн. теңге қаржы заңнамалық тәртіппен игерілді.