Жаңалықтар

11.08.2016
Болашақты бірге жасаймыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, ҚР Конституциясы күнін мерекелеуге арналған «Болашақты бірге жасаймыз» атты аудандық жастар форумы, Сарыжар ауылында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Болашақ М» жастар қоғамдық бірлестігінің демеуішілігімен өтті. Барлық окургтерден жиналған жалынды жастар алдымен тренингке қатысты. «Көшбасшы болып тумайды, көшбасшы болып қалыптасады» тақырыбындағы тренингтің мақсаты - жастардың көшбасшылық қасиеттері мен қабілеттерін ашу, қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу.
11.08.2016
«Мектепке жол» акциясы мешітте

Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан "Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы жүруде. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.
11.08.2016
Медиацияның басты мақсаты – бітімге келу

Дүйсенбіде аудандық соттың кітапханасында сот төрағасының міндетін атқарушы, судья Е.А.Нуршарыпов, кеңсе меңгерушісінің м.а., бас маман А.Хабирова, аудандық прокурордың орынбасары А.Усенов, кәсіби емес медиаторлар К.И.Данияров, Т.П.Буйнова, Ақтөбе облысы бойынша адвокаттар алқасының адвокаттары А.Б.Тұрмағамбетов, Д.А.Қошқарбаев, Н.Кульжановтардың қатысуымен «Медиация туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
11.08.2016
Мен сапаға қызмет етемін

«Ақыл – жастан, асыл - тастан» демекші, жас та болса, күш-жігері мол Ерлан Амантурлиев аудан орталығынан өз кәсібін ашты. Бірқатар мекемелерде қызмет атқарған оның, түп негізінде басты арманы өмірде өз орнын тауып, жақсы тұрмыс кешу. Сондықтан ол алдына айқын мақсат қою арқылы өз арманына біртіндеп қол жеткізе бастағандай. Бала кезімізде әкем бізге бейнеге түсіретін камера сатып әперген еді. Ондағы ойы – балалық, жастық шағымыздың қызық сәттерін естелікке түсіру болатын. Менің икемім болды ма, әйтеуір үйде ағаларым ылғи маған ұстатып қоятын. Осыдан бейнероликтер түсіруге деген қызығушылығым оянды. Біраз жерде қызмет етсем де, осы сүйікті кәсібіме оралуды жөн санадым. Сонымен өз қаражатыммен, осы уақытқа дейін алған құрал жабдықтарымды іске асырып, еңбек етуге кірісудемін.
04.08.2016
Бағаны тұрақтандыру мен енжар кәсіпкерлікті жою мәселелері сөз болды

Аудан әкімдігінде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша аудандық комиссия отырысы болып өтті. Отырыста екі мәселе қаралды. Біріншісі – бүгінде күн санап шарықтап бара жатқан бағаны тұрақтандыру мен бақылау, шағын және орта бизнесті жандандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, екінші мәселе - жеке кәсіпкерлікті жандандыру немесе енжар субъектілерді жабу бойынша жүргізілген тұрақты жұмыс қорытындысы тыңдалып, талқыға салынды.
04.08.2016
Хазіреттің мерекелік тартуы

Шілденің 30-шы жұлдызында Мәдениет үйінің алдында біріктірілген үлкен шара көрініс тапты. Төл мерекеміздің 25 жылдығына арналған округтердің шашуын қорытындылаған Хазірет ауылдық округі болды. Табиғаттың ең көркем белесінде орын тепкен округтің күнінде алдымен, аудандық орман шаруашылығында қызмет еткен, ауылдың гүлденуіне үлес қосқан «Жасыл ел» жасағы еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, олардың Отанға деген махаббатын, патриоттық сезімін оята отырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету мақсатын көздеген бағдарламаға 40 жас жұмылдырылған. Осы шарада Мәртөк ауылдық округінің әкімі Мейрам Әуелбеков сөз алып, ең белсенді қызмет атқарған жастарды марапаттады.
04.08.2016
«Мектепке жол» басталды

Тамыз айынан басталысымен барлығы мектепке даярланудың қызығын өткеріп, мәре-сәре боп жататыны белгілі. Барлық оқушы да қатарынан қалғысы келмейді. Көпбалалы отбасыларының бастан аяқ жаңа киім, сөмке мен дәптер-қалам сатып алып беруге ата-ананың қалтасы көтермей жататыны белгілі. Осыған байланысты елімізде «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылып, жылда өткізіліп келеді. Қайырымдылық шарасы биыл 7-ші рет өткізіліп отыр.
28.07.2016
«Нұрлы жол» шлакоблок өндіруде

Ақмоласай ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Қаржауов Данияр шлакоблок шығару бойынша шағын-өндірісті қолға алған. Жеке кәсібін «Нұрлы жол» деп атаған оның, кәсіптің дәл осы түріне тоқталуының да сыры жоқ емес. Өйткені шлакоблок өндірісіне үлкен аумақ алудың және көп қаржы салудың қажеті жоқ көрінеді. Мемлекеттік бағдарламасымен аттас кәсіптің жолы да айқын болмақ деген ойын айтады. Дегенмен, тиянақтылыққа аса мән беретін жас кәсіпкер, шлакоблок кірпішінің дайындалу технологиясын сонау Челябинск қаласындағы «Златоуст» құрылыстехника зауытынан арнайы жабдықты сатып алғанда, үйренген.
28.07.2016
Үлкенге құрмет, тазалыққа үлес

Қарты бар үйдің - қазынасы бар» деген нақылды серік еткен аудан жастары бірқатар қарттардың үйіне барып, қамқорлық танытты. Өткен аптада «Жасыл ел» бағдарламасы, «Гүлдене бер туған ел» акциясы аясында жұмыс жасап жатырған жастар жалғыз ілікті қарттарға көмек берді. Аудандық ресурстық орталық пен Мәртөк ауылдық округі әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «25 игі іс» акциясына қатысуға өз еріктерімен ниет білдірген жасөспірімдер алты баладан төрт топқа бөлініп, алты мекен-жай бойынша тапсырмаларын алып, биылғы жаңбырлы ауа райынан қаулаған арам шөптерден аула сырттарын тазартып шықты. Тағдыр тауқыметін көп тарқан жалғыз басты қариялар ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.
28.07.2016
Әнім, жырым, сенсің туған жер!

Дархан даламызда сайран салған, жұпар иісі аңқыған дала гүлін терген, бұлақтан шөлін қандырып, нәр алған халқымыздың бірлігін, тұтастығын паш ететін мерейлі де мерекелі кештер апта сайын жалғасын тауып келеді. Өткен сенбіде де «Жастық» саябағында әсем әндердің әуелеген үні халықты баурап, орталықтағы салтанатқа шақырды. Демалыста таза ауамен дем алып, бүлдіршіндерін ойнатқан аналарға, сенбілік жәрмеңкеге асыққан тұрғындарға, аудан қонақтарына еліміздің ширек ғасырлық тойына арналған думанды шараны тамашалауды Тәңірберген ауылдық округінің өнерпаздары ұсынды.
28.07.2016
Келер жылдан бастап жаңа медициналық жүйе

Қазан айының соңында Қазақстан Парламенті «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын бекітті. 2017 жылдан бастап, науқастанған қазақстандықтарға көрсетілетін медициналық көмек сақтандыру қорына түсетін қаржы арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы шілденің 2-сі күні аудан әкімдігі ғимаратында өткен кездесуде айтылды. Аудан активімен кездескен ҚР ДСМ медициналық қызметке ақы төлеукомитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент жетекшісі Тулькибаева Бақытжан мен №1 МП ішкі аудит бойынша бас дәрігердің орынбасары Лепесова Гульжанат жоғарыда аталған Заң туралы терең мағлұмат беріп өтті.
28.07.2016
Ауылдағылар бір серпіліп қалды

Өткен жұмада аудан әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы Байнассай ауылдық округіне қарасты Ақмоласай ауылында болды. Топ құрамында аудандық жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік бөлімі, жастар ресурстық орталығы және Мәдениет үйі мен Достық үйінің өнерпаздары бар. Кешқұрым ауылдықтардың қайнаған тірлігі саябырлаған сәтіне қарай ұйымдастырылған халықпен кездесу, аудан әкімі Нұржауған Қалауовтың бастамасымен көрініс тапты.
28.07.2016
Жер кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды

Ағымдағы айдың 25-і күні облыс әкімінің жанындағы Жер қатынастары бойынша үш жақты комиссия мүшелері, яғни «НұрОтан» партиясы АОФ төрағасының орынбасары Ағниязов Нұрхан Сабыржанұлы, Батыс Қазақстан бойынша «Невада-Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысы филиалының жетекшісі Көбенов Ізімғали Әбдірахманұлы және жер қатынастары бойынша республикалық үш жақты комиссия эксперті, облыстық комиссиясының мүшесі Ахметов Көшкенбай Нұрмағамбетұлы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудан халқымен кездесті.
16.07.2016
Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу мерзімі қысқартылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын 2 сағаттан көп уақыт кететін) мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосты. Уақытты қысқарту мамандандырылған ХҚКО инспекторлары ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқығынсыз кіру мүмкіндігін алғаннан кейін мүмкін болып отыр.
14.07.2016
Мереке қарсаңында көшенің көркін келтірген

Сарыжар ауылында Еліміздің бас қаласы Астана күніне орай қос мерекелік шара өткізілді. Жиынға жұмыла жиылғын ауыл тұрғындарының қуанышы еселеніп, кең көшелердің бірінің бойында ескерткіш ашылды. Салтанат барысында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен облыс көлемінде қарқынды жүріп жатырған «Менің көшем-менің мақтанышым» деген тақырыптағы көше күндерін өткізу аясында ұйымдастырылды. Ондағы басты мақсат - көше тұрғындарының арасындағы татулықты, достықты нығайтып, көше тарихын насихаттау.

Беттер