Жаңалықтар

01.09.2016
Аудан әкімінің орынбасары–Тілегенов Бағжан Нұруллаұлы

1982 жылы Ақтөбе облысыШалқар ауданы Шалқар қаласында туылған.Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2003 ж. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып бастаған. 2006-2007 жж. - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ өнеркәсіп бөлімінің жетекші маманы, 2007-2008 жж. - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ өнеркәсіп және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, 2008-2011 жж. – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ сауда бөлімінің бастығы, 2011-2012 жж. – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ өнеркәсіп бөлімінің бастығы, 2012-2014 жж. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары
01.09.2016
Конституция кемелдік кепілі

Дүйсенбіде Мәдениет үйіне жиналған аудан тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 21 жыл толуына арналған салтанаттың куәсі болды. Шара «Дарын» жастар театрының үш ханды бейнелеген композициясымен ашылды. Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан жеткен тек өзіне ғана тән заң ғылымы, тарихы бар. Ықылым заманнан бері қазақ жұрты бірлігін әділ шешімдерге толы қағида-заңдарымен ұстап келген. Әз Жәнібек, Қасым хан, Есім хан, Әз Тәуке хан өз биліктерімен ел іргесін нығайтатын ірі-ірі заңдар қабылдап, елге таралған. Қазіргі таңда бізге мұра боп келе жатқан осы Заң жинақтары Қазақ халқы үшін мызғымас тірлік пен жарасымды бірліктің алтын діңгегіне айналған. Бүгінгі төл Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейінде Ата заңымыздың 21 жылдығының сәйкес келуі соның бірден-бір айғағы.
01.09.2016
Астана және Тәуелсіздік көшелері газдандырылуда

Ағымдағы жылдың 31 тамызы күні, аудан әкімі Нұржауған Серікұлы Қалауов, аудан орталығындағы Астана және Тәуелсіздік көшелерінде орналасқан жер учаскелерін газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар аудан әкімі осы салаға қатысты бөлім басшылары мен округ әкімінің қатысуымен аталған көшелердегі жергілікті тұрғындармен кездесті. 2007 жылдан бері 129 жер учаскесіне салынған тұрғын үйлер осы күнге дейін көгілдір отынға зәру болып, 2015 жылдан бері газдандыру мәселесін көтеріп аудан әкіміне өтініш білдірген болатын. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің басшылығымен 2015 жылы газдандыру бойынша жоба жасалды. Қазіргі таңда «МК Строй Сервис» ЖШС мердігерімен келісім шарт жасалып ағымдағы жылдың маусым айынан бастап газдандыру жұмыстары жүргізіп жатыр.
01.09.2016
Жас аналарға Ақ орамал тарту етілді

Тамыздың 29-ы күні аудандық орталық аурухана «Ақ орамал» республикалық акцияға үлес қосты.
Бұл күні емхана меңгерушісі Қайрат Шамұратов, перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ғалия Джандаулетова және дәрігер неонатолог Арман Салбаев перзентханада сәбиін аман-есен құшағына алған көпбалалы ана Лунара Темірбаева мен әлеуметтік жағдайы төмен жас ана Зухра Жалғасбаеваға бейбітшілік пен достықтың, мейірімділіктің белгісі болған ақ орамал, нәрестелерге ойыншық және гүл шоқтарын тарту етті.
25.08.2016
Жер мәселесі түсіндірілді

«Нұр Отан» партиясы Мәртөк аудандық филиалының Қазақстан Республикасының жер кодексін түсіндіруге бағытталған іс-шараларының кестесі аясында ауданымыз бойынша бірқатар кездесулер ұйымдастырылып келетіні туралы алдағы басылымдардан хабардарсыз. Аталған кестеге сай, 18-ші тамызда Мәртөк аудандық мәслихат депутаты Аткиев Аманғос және Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еспағанбетов Исатай Вознесеновка ауылының тұрғындарымен кездесті.
25.08.2016
Экстремизмге қарсы жұмыс көп, нәтиже жоқ

Тамыздың 19-да аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Отырысты ашқан аудан әкімі Нұржауған Қалауов, облыстық комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша, алда атқаруға тиісті міндет-мақсаттарге тоқталды. Діни ахуалды тұрақтандыру негізінде аудан тұрғындары, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру бағытында ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнұр Нукушева баяндады.
25.08.2016
Ауыл болып, қауым болып күресетін мәселе

Сейсенбіде аудан әкімі Нұржауған Қалауов аудандағы діни ахуалды жақсарту мақсатында Сарыжар ауылында үш округтің ақсақалдарымен жүздесті. Қаратоғай, Тәңірберген, Сарыжар ауылдарының ауыл ішінде белделді, аузы дуалы қариялармен бетпе-бет кездескен басшы, экстремизм мен терроризмге қатысты және дәстүрлі емес дінді ұстанатын тұрғындармен қандай жұмыс жүргізу керектігі бойынша пікірлерін білмек болды.
25.08.2016
Аудан әкімі Н.Қалауовтың округтерге жұмыс сапары

Тамыз айының екінші аптасында аудан әкімі Нұржауған Қалауов жұмыс сапармен бірқатар округтерде болып, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесті, әлеуметтік нысандарды аралап, тиісті тапсырмалар берді. Алдымен Мәртөк және Саржансай елді-мекендеріндегі жаңа құрылыс нысаны мен күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарды аралап шықты. Аудан орталығындағы жаңадан ашылатын «Нұр Сәт» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «БАТСервисКом» ЖШС ағымдағы жылдың 7 қыркүйегіне дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап тапсырылуын, 11 қыркүйекке дейін «Нұр Сәт» балабақшасының жаңа маусымына «МирСель» ЖШС мердігері мектепке дейінгі білім беру мекемесіне қатысты жиҺаздармен толықтай қамтуын, талапқа сай болуын, бақша ауласындағы жұмыстарға білім бөліміне қарасты қызметшілерді қосымша жұмылдыру, Саржансай орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Алихан-Ойл» ЖШС ағымдағы жылдың 19 тамызына дейін жұмысын аяқтап тапсыруын бақылау аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сәрсенбаевқа тапсырылды.
25.08.2016
Талаптыға туған мүмкіндік

Алдыңғы сандарымыздан биылғы ерекше жаңалықтан хабардар болған боларсыздар. Мектеп түлектері Орынбор мемлекеттік университетіне құжат, кейін емтихан тапсырып келген болатын. Осы жайында нақты мәліметті аудан әкімінің орынбасары Нұрбақыт Барбосынов берді: Аудан әкімі биыл Орынбор мемлекеттік университеттінің ректорымен 5 жылдық меморандумға отырды. Жыл сайын 40 балаға бюджеттік формамен мәртөк ауданының балаларын ақысыз оқыту бойынша. негізгі мамандықтар технолог, сұт -ет өнімдерін өңдеу мен ауыл шаруашылық мамандарын дайындау болып табылады. Бірақ та, студент болуға үміткер емтихан кезінде өтпелі балл жинауы тиіс.
18.08.2016
БЖЗҚ туралы 5 сауал

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш бере алады. Жеке зейнетақы шотын төмендегі құжаттарды тапсыра отырып, сенім білдірілген тұлға арқылы да ашуға болады: сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы; нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесін білдірген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.
18.08.2016
Мешітке бейне-проектор табыс етті

Он сегіз мың ғаламның Жаратушысына сыйынатын әрбір адам жақсылық жасауға асығады. Себебі, ізгі іс жасау адамның бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі болып саналады. Жаңадан сайланған аудан әкімінің орынбасары Бағжан Тілегенов жұмысын имандылық мекені, Алланың үйінен бастады. Жақсы жаңалығымен келген басшы, алдымен имам Бахрам Рафатдиновпен тілдесіп, мешіт ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Имамның халықпен жүргізетін жұмысына зор ықпалын тигізетін су жаңа бейне-проектор құралын аудан әкімдігі атынан табыс еткен Бағжан Нұроллаұлы, аудандағы діни ахуалды тұрақтандырып, теріс ағымдардан аулақ болу үшін уағыз-насихат жасауда сәттілік тіледі.
18.08.2016
Болашаққа апаратын ең құнды жәдігеріміз - тіл

Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, бірақ, біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғай бермейміз. Сейсенбіде ауданымызға тіл жанашырлары, республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі саясаткер Досмағамбет Көшім және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева арнайы келді.
18.08.2016
Жайсаңда 15 жұмыс орны ашылмақ

Азаматтарды жұмысқа орналастыруға тиімді ықпал ету мақсатында тамыздың 10-ы күні Жайсаң елді мекенінде кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудандық жұмыспен қамту орталығы мен Жайсаң ауылдық әкімдігі аппаратының бірлесіп ұйымдастыруымен жұмыссыздар үшін өткізілген жәрмеңкеде екі қолға бір күрек іздеген 35 жұмыссыз жиналды. Нақты айтар болсақ, аз қамтылған отбасылардың қабілетті мүшелері, «Өрлеу» жобасының қатысушылары, 3 топтағы мүгедектер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, көп балалы аналар қатысты.
16.08.2016
«Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бұған дейін, 2016 жылғы сәуірде құрылған мемлекеттік корпорацияның құрамына кірген «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудің бөлек-бөлек жүйесі және лауазымдар тізбесі болған.
16.08.2016
Қазақстандықтар үшін мүгедектігі бойынша төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді

Жаңа композиттік қызмет мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлесіп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшін мемлекеттік жәрдемақыларды алуды жеңілдетуге бағытталған. «Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін жүгінген адам алдымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне баратын. Осы рәсімнен кейін ғана әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін ЗТМО-ға жүгінетін еді,» - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов.

Беттер