Жаңалықтар

07.04.2017
Жинақтарымыздың сақталуы және табысы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.
07.04.2017
БЖЗҚ туралы 5 сауал

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.
06.03.2017
Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту

Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сіз бен біздің зейнетақымыздың жинақтаушы бөлігін құрайды.
01.03.2017
Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.
01.03.2017
2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлік болды.
15.02.2017
БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті.
14.02.2017
2017 жылы БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
08.02.2017
Зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер

Зейнет ке шығу жасына таяп келіп қалған адамдарды, сондай-ақ мен зейнетке шығып қойған зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.
06.02.2017
Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.Мемлекеттік корпорацияда ауылшаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсіп кешені) саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомствоішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат беруді рәсімдеуге болады.
26.01.2017
Даму қарқыны белсенді

Қаңтардың 23-і күні аудан әкімі Нұржауған Қалауов өзінің ел алдында есеп беру жиынын Қаратоғай және Қарашай округтерінен бастап кетті. Жиында аудан және ауыл әкімдерінің ауданымыздың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы және атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды. Есептік кезджесулерге аудандық бөлім басшылары Гүлзада Алматбаева, Шәміл Саринов, Исатай Еспағанбетов, аудандық мәслихаттың аталған округтер бойынша депутаттар қатысты.
25.01.2017
Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу енді eGov.kz арқылы онлайн түрде қолжетімді

Бүгінгі күні Қазақстанның электрондық үкіметі порталында eGov.kz азаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу қызметі қолжетімді болды. Ол қызметті пайдалану үшін, тұрғын үй иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы және порталда авторизациядан өтуі қажет. Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша парағында қолжетімді. «Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда тіркелуге ниетті тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.
18.01.2017
Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған.
17.01.2017
Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.
10.01.2017
Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы ақпарат.

2016 жылда Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен 5904 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 2756 қызмет, «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы 952 қызмет, 2196 қызмет бөлім арқылы көрсетілді. Баламалы негізінде көрсетілетін 8 қызмет түрінен, барлығы 3017 қызмет көрсетілді, оның ішінде 2756 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, қалғаны 261 қызмет бөлім қызметкерлерімен, орындалуы 91,3 %. «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін 6 қызмет түрінен 2606 қызмет көрсетілді, оның ішінде 952 қызмет веб портал арқылы, 1654 қызмет бөліммен көрсетілді, бұл «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін қызметтің 36,5 %-ын құрайды.
21.12.2016
Мобильдік кеңсе және ұялы қосымша туралы

Сіз БЖЗҚ-ға жаңа мекенжайыңыз туралы хабарламағансыз, сондықтан өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайын берілетін үзінді көшірмені ала алмадыңыз. Енді Сізге БЖЗҚ кеңсесіне бір рет келіп, өз деректемелеріңізді түзетуге не хабарлау тәсілін өзгертуге кеңес береміз.

Беттер