Жаңалықтар

24.07.2017
Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні-«Е-ХҚКО» бірыңғай қызметкөрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.
16.06.2017
Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті

2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Өзінің баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттер туралы толық айтып берді. «Министрліктің құрылғанынан бастап бастап біздің барлық күшіміз адамдардың өмірін жайлы және қауіпсіз, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Біз жауап беретін салаларда мемлекеттік саясаттың әрбір қазақстандық үшін түсінікті және айқын болуына тырысудамыз.
14.06.2017
БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда. Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.
09.06.2017
Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойыншамиллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.
09.06.2017
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.
07.06.2017
Зейнетақы қорында виртуалды қызмет көрсетушілер пайда болды

«Армысыз! Қанеки, емін-еркін әңгімелесейік! Маған жақынырақ келіңіз! Сізге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық қызметтері жайлы әңгімелеп берсем деймін». Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарында алдына келушілерге осылай сәлем беретін ерекше интерактивті ақпараттық киоскілер пайда болды.
05.06.2017
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу (ТТК). «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
05.06.2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.
01.06.2017
2017 жылғы 1 мамырдағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2017 жылғы 1 мамырда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,05 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. 2017 жылғы 1 мамырда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 428 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39 мың бірлік болды.
17.05.2017
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

Таяуда, ағымдағы жылдың сәуір айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді сол арқылы кез келген ниет білдіруші азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайында тікелей сұрақ қоя алады. Сонымен қатар сайт пайдаланушыларына Блог парақшасында ресми жауап қайтарылған сұрақтар мұрағатымен танысуға мүмкіндік берілген. Біздің редакция осы Блогта жарияланған, ең жиі қойылатын 5 сұрақты оқырмандар назарына ұсынуды ұйғарды.
17.05.2017
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 ширегіндегі қызметінің қорытындылары

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзіндік активтері бойынша қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептілік стандартына сәйкестікті расталған. Бұл зейнетақы актвитерінің сақталуын, олардың есебінің дұрыстығын, зейнетақы активтері инвестицияланған қаржылық құралдардың әділ құнын бағалау дұрыстығын дәлелдейді.
12.05.2017
Жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері ХҚКО кеңес береді

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 17 бөлімінде, әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері қызмет жасайды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары міндетті медициналық сақтандыруға қатысты кеңес береді.
21.04.2017
Парламент Сенатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында болды

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында мемлекеттік корпорацияның жұмысы, жыл қорытындысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.
19.04.2017
Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақанықтама алуға болады

Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.
07.04.2017
«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, Департамент директоры Ергалиев Руслан Амандықұлы бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал оның орынбасарлары өз қолымен құжаттарды қабылдады.

Беттер