Жаңалықтар

22.09.2017
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді

Мәртөк аудандық Әділет басқармасының басшысы С.Қасенов бірлесе отырып, Мәртөк ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Сактаганов, Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының адвокаты Д.А.Кошқарбаевтың, Ақтөбе нотариалдық округінің нотариусы А.АТурмагамбетова, «Нұр Отан» партиясының АОФ-нің кеңесшісі Успанов М..М., Мәртөк аудандық ХҚКО–нің бөлімінің басшысының орынбасары Алькуатова Ж.Г, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Искаков К.К. қатысуларымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйекте аудан тұрғындарын қабылдау және оларға мемлекеттік қызметтер көрсету саласында және өзгеде құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» атты акциясы ұйымдастырылды.
21.09.2017
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі азаматтардың құқықтары

Күнделікті уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің не екенін түсінбей, біз кез келген мәселелер мен сұрақтардың (мысалы медициналық, білім беру, мүліктік, рұқсат беру т.б) шешімін іздеп мемлекеттік мекемелерге жиі жүгінеміз. Қазақстан Республикасы аумағында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген.
21.09.2017
Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады
18.09.2017
Аудан тұрғындарының назарына!

14.09.2017 жылдан бастап Мәртөк ауданы бойынша 2018 жылға алқабиге үміткерлердің алдын ала бастапқы тізімі Мәртөк ауылы Сейфуллин көшесі, 36 мекенжайындағы аудан әкімдігі ғимаратының кіреберісінде (тел: 21655) және барлық ауылдық округ әкімі аппараты орналасқан ғимараттарда ілінді
13.09.2017
Жұмыс берушінің жауапкершілігі

Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшілігі зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас. Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», - дейтіні сөзсіз. Өйткені олар үшін бүкіл өмір алда ғой!
Бірақ, өмір заңы бар емес пе, аға ұрпақ секілді біз де өсеміз, есейеміз және қартаямыз.
Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмірде зейнеткерлік жасқа жетіп қалғаныңды білмей де қаласың...
Бәрін айт та бірін айт, қазіргі таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезінен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы.
Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер: «Мені үкімет асырайды, далада қалдырмайды», - деп ойласа, басқалар: «Дүниені балаларыңа жина, солардың біліміне жұмса. Сонда олар жақсы білім алады, жақсы қызметке тұрады. Сөйтіп ата-анасын да асырай алады», - дейді.
13.09.2017
«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.
13.09.2017
2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан – 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені (8%) құрады.
2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.
24.08.2017
Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.
17.08.2017
Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер

2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді.
Жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті. Жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтініш беру рәсімі мейлінше қарапайым – ЭЦҚ арқылы авторланып, ұсынылған өтініш нысанының міндетті бағандарын толтырса жеткілікті. Бір ай ішінде бұл қызметті (2017 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша) 27 адам пайдаланып үлгерген.
15.08.2017
Таза инвестициялық табысты салымшының жеке зейнетақы шотына үлестіру механизмі туралы

БЖЗҚ таза инвестициялық табысты есептеуді күн сайын жүзеге асырады. Таза инвестициялық табыс салымшылардың зейнетақы жинақтарына автоматтандырылған жүйеде мынадай тәртіпте таратылады.
15.08.2017
БЖЗҚ-ның жаңа электрондық қызметтері арта түседі

2017 жылдың маусымында Қор бірқатар жаңа сервистерді іске қосты. Олар атап айтар болсақ: қор кеңсесіне келмей-ақ, сайттағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру және сол өтініштің орындалу барысын қадағалау мүмкіндігі. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбадан басқа 20 саннан тұратын банктік шот туралы мәлімет және банктің деректемелері керек. Теңгелік шотты екінші деңгейдегі банкте немесе «Қазпошта» бөлімшесінде ашуға болады. Бұл ретте Қор салымшыға өтінішінің орындалу барысы жөнінде СМС-хабарлама жіберіп отырады.
15.08.2017
БЖЗҚ зейнетақы жинақтары бойынша деректерді барынша қолжетімді етеді

Екінші топ мүшелерінің көпшілігі журналистер. Олар қатардағы азаматтар, басылымдар мен ақпараттық порталдардың оқырмандарынан келіп түскен сұрақтарды топтастырып, жауап алу үшін Қор басшылығына жеткізеді. БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып, tengrinews.kz порталында интернет-конференция, қаржы нарығының сарапшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Мамандығымызды бір күнге өзгертеміз» деп аталатын бірлескен акция талқыланды. Бұл акция аясында журналист дербес қызмет көрсету орталығының операторы болып Қордың ішкі жұмыстарымен жете танысады.
07.08.2017
Зейнетақы үш құдық

Кеңес одағы ыдыраған соң бұрынғы одақтас республикалардың ортақ зейнетақы жүйесі инерция бойынша тағы бірнеше жыл жұмыс істегені белгілі. Бұл ұрпақтар ынтымақтастығына, жауапкершілігіне негізделген жүйе болатын. Мұнда жұмыс істеуші халықтың ай сайынғы жалақысынан зейнетақы қорына салық ретінде жарналар аударылып тұрды. Ал жарналар ағымдағы зейнеткерлерге зейнетақы ретінде төленді. Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып зейнетақы жүйесіне реформа жүргізді. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылды. Оны қолға алуға елдегі демографиялық жағдай себеп болған еді.
07.08.2017
БЖЗҚ: қосарлы шоттар қысқартылып жатыр

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұңғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгізілгені белгілі. Жұмыс істейтін барша қазақстандықтар осы айдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерінің жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын міндетті түрде аудара бастады.
24.07.2017
«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қызметкерлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Беттер