Жаңалықтар

23.05.2013
Үгіт пойызы сапарын жалғастыруда

Қаратаусайда
Жалғасын тапқан «Ауылым» үгіт пойызы сәуірдің 30-ы күні Қаратаусай ауылына да келіп жетті. Топ құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Алматбаева, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы аудандық бөлімшенің директоры Қ.Оразов, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының орынбасары Н.Құрамысова, аудандық емхана меңгерушісі М.Қосмамбетова, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Н.Роленко болды. Ауданнан келген қонақтарды ауыл тұрғындарына таныстырған соң Қарашай селолық округінің әкімі Ш.Тоғызбаев мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы аудандық бөлімшенің басшысына сөз берді. Ол қазіргі таңдағы нағыз қызу талқылаудағы келелі мәселе әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру және ол қай жылдан бастап жүзеге асырылатындығы турасында толығырақ айтты. – «Әйелдердің зейнетке шығу жасын 2014 жылдан бастап арттыру жөніндегі ұсынысты ҚР Үкіметіне ведомствоаралық жұмыс комиссиясы енгізген болатын. Қазіргі таңда талқылау жұмыстары жүргізілуде. Төменгі мәжіліс қолдап, сенатқа жіберілді. 1996 жылдан 2001 жылға дейін іске асырылған отандық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңмен, жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл ішінде жүзеге асырылады. Ол біріншіден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға береді, яғни 6 айдан кейін. Екіншіден, 63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшін психологиялық тұрғыдан дайын болуға және бейімделуге» - деп жеткізді. Басшыларға қаратаусайлықтар тарапынан әсіресе еңбек өтілі, 45-50 ден асқан ер адамдардың алдағы уақытта жұмысқа туру мәселелері турасында сұрақтар қойылып, тиісінше керекті жауаптары алынды. Осындай мәселелер бойынша және жалпы халық көкейінде жүрген маңызды сауалдарға насихат тобының мүшелері жеке қабылдаулар жүргізіп, тиісінше жауаптарын берді. Іс-шара соңы үгіт пойызының және Қаратаусай орта мектебінің бірігіп ұйымдастырған концертіне ұласты.
16.05.2013
Абай оқулары

Қазақ тілін, Абай шығармашылығын насихаттау және қазақтың бай тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында мамырдың 13-і күні «Абай оқулары» аудандық байқау болып өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен, өзге ұлт өкілдерін біріктірген байқаудың талаптарына сай №3 Мәртөк орта мектебі, Андреевка орта мектебі, Родниковка орта мектебі және Жайсаң көпсалалы колледжінің үміткерлер барын салып, бақтарын сынады. Бірінші айналымда Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқуда талапкерлер арнайы бір немесе екі өлеңнен жаттап келгендері байқалды. Алайда қызылжарлықтар жиырма мен отыз өлеңнен қайырды. Кез келген жерден тоқтатып, жаңылыстырған қазылар алқасының сұрағанын іліп алып таңқалдырды. Екінші кезеңде «Абай жолы» романынан «Біржан сал Абай ауылында», «Шытырманда», «Жолда», «Қайтқанда» тарауларынан үзінділері оқылды. Қатысушылардың әрқайсысы шама-шарқынша мәнерлеуге тырысып бақты. Бірқатарларының жолы болып жатты, яғни жарқ етіп бірден көзге түсе бастады. Тіл тазалығы болсын, шығарма таңдау жағынан болсын талапкерлердің дайындығы айқындалып тұрды. Осы тұста айта кету керек қатысушылардың дені украин ұлтынан болды.
16.05.2013
Ұлы жеңіске 68 жыл

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске биыл 68 жыл толды. Қанша уақыт өтсе де 40-шы жылдардағы талай жандар мен жерлерді отқа ораған қанды майдандағы ата-бабаларымыздың ерлігі, елде қалған аналар мен балалардың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Сол маңыздылығын жоғалтпаған 9 мамыр Ұлы жеңіс күні аудан орталығындағы Даңқ обелискісі алдында қаумалаған жергілікті жұртшылық тағы бір тағзым етті. Бұл күнгі мереке – дүниежүзі халықтарының адам баласына төнген қара түнектен құтқарып, бейбітшілік туын орнатқан жеңістің ерекше мерекесіне арналған «Ардагер жерлестерімізге – құрмет және тағзым» атты патриоттық марш болып өтті.
09.05.2013
Бостандыққа шығу бос жүру емес...

Сәуірдің 23-де қылмыстық жазасын өтеп жүргендерге, жаза өтеу орындарынан босатылып шыққан азаматтарға әлеуметтік, жұмыспен қамту және өзге де көмектерді ұйымдастыру жөніндеаудандық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Шараның басты мақсаты - жазасын өтеп шыққан азаматтардың қалыпты өмірге еніп, пайдалы еңбекке араласуы болып табылады. Жиынға кеңестің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары және кеңес мүшелері, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Алматбаева, мамандары, аудандық орталық аурухананың ұйымдастыру әдістемелік бөлімі бойынша бас дәрігердің орынбасары Ж.Қарлығашов, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қилыбаев қатысып сотталғандарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің басты мәселелері талқылап, алдағы уақытта аталған адамдармен бірігіп жұмыс жасау мәселесі қарастырды. Осы жиынға жаза өтеу орындарынан босатылып шыққан 3 адам қатысты.
09.05.2013
Тіл – халық жанын танудың кілті

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында жыл сайынғы дәстүр бойынша «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» фестивалі аясында ауданымызда бірқатар байқаулар өткізілуде. Сәуір айының 26-сы күні өзге ұлт өкілдері арасындағы білгірлерді анықтауға арналған «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқауы болып өтті. Қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеруді көздеген байқау аудандық Достық үйінде көрініс тапты.
02.05.2013
Кітапханашылардың шекарадағы кездесуі

Өткен аптаның сейсенбі күні аудандық Достық үйінде 2001 жылы бастау алған Қазақстан – Ресей шекара жанындағы мега-жобаға сәйкес кездесу болып өтті. Кездесу «Шекарасыз өлкетану» атты дөңгелек үстелден басталды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен өткен басқосуға Ресей Федерациясы Орынбор облысы Ақбұлақ аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, облыстық С.Бәишев атындағы әмбебап-ғылыми кітапхана, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, сондай-ақ, Қарғалы, Қобда, Мәртөк орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері мен ауылдық кітапханашылар қатысты.
02.05.2013
Елімнің тағдыры- менің тағдырым!

Өткен аптада аудандық Достық үйінде «Елімнің тағдыры- менің тағдырым!» атты Мәртөк аудандық жастар форумы болып өтті. Бұл форум ұшқан ұяны ұмытпау, ата-баба қаны тамған киелі мекенді көркейту, ел ертеңін жақсартуға үлес қосу - әрқайсымыздың перзенттік парызымыз деп санайтын мәртөктік азаматтардың өмірдегі, еңбектегі жетістіктерін, тарихын өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Ауқымды шара өз тағдырын тәуелсіз Қазақстанның тағдырымен байланыстырған, егеменді елдің гүлденуіне зор үлес қосып келе жатқан азаматтардың басын біріктірді. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Күзембаева ашып, жиналғандарды осынау айтулы оқиғамен құттықтады, жастарға сәттілік тіледі. Мәртөктіктер мен жалынды жастар аудандық Достық үйі, аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің орындауларында әсем әндерді тыңдады. Тарихымыздан сыр шерткен деректі фильм ұсынылды.
02.05.2013
Бір ел, бір халық, бір тағдыр

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл әдемі де ерекше мереке бейбітшіліктің бесігіне айналған елімізде он жеті жылдан бері тойланып келеді. 130-ға жуық түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті күн кешіп келетін мемлекетіміз үшін аталған мереке күннің маңызы өте зор. Түрлі-түсті көзтартар әсем бояу іспеттес бір арнаға тоғысып жатады. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, кең даласына сан алуан ұлыстарды сыйғызған қазақтың дархан пейілін дәл осы күні анық көруге болады.
25.04.2013
Қоғамдық Кеңес жемқорлыққа қарсы

2013 жылдың сәуір айында «НұрОтан» ХДП-сы жанындағы жемқорлыққа қарсы Республикалық Қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес сот шешімдерін орындау арқылы жемқорлыққа қарсы шаралар қолдану жоспарланған еді. Осыған байланысты партияның Ақтөбе облыстық филиалы берілген сұрақтың қоғамдық кеңес отырысында қаралуын тапсырылған. Осы мәселеге қатысты 17 сәуірде өткен бас қосуға «НұрОтан» ХДП-ның Мәртөк аудандық филиалы төрағасының орынбасары Н.Құрамысова, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Абдуллин, мүшелері С.Каракеев, Ф.Кривцова, Н.Нуртазина, С.Ильясова қатысты.
18.04.2013
Бизнестің жауапкершілігі және әлеуметтік әріптестік

Сәуірдің 10 күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында «Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі» Мәртөк аудандық үш жақты комиссия отырысы болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Б.Кенжеғұлов, комиссия мүшелері, аудандық салық басқармасының басшысы М.Сағиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Р.Джамалова қатысты.
11.04.2013
Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, еліміздегі әлеуметтік жағдайды жақсартуды көздейді. Аталған бағдарлама 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. өзбетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына көмектесу. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін шағын несие беріледі.
04.04.2013
Төрлет, Наурыз!

04.04.2013
Кәсіпкерлерге арналған семинар

27 наурыз күні аудан әкімдігі гимаратының акт залында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық семинар өтті.
14.03.2013
Ана- бақыт, ана- гүл!

14.03.2013
Ана- бақыт, ана- гүл!

Беттер