Жаңалықтар

02.05.2013
Бір ел, бір халық, бір тағдыр

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл әдемі де ерекше мереке бейбітшіліктің бесігіне айналған елімізде он жеті жылдан бері тойланып келеді. 130-ға жуық түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті күн кешіп келетін мемлекетіміз үшін аталған мереке күннің маңызы өте зор. Түрлі-түсті көзтартар әсем бояу іспеттес бір арнаға тоғысып жатады. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, кең даласына сан алуан ұлыстарды сыйғызған қазақтың дархан пейілін дәл осы күні анық көруге болады.
25.04.2013
Қоғамдық Кеңес жемқорлыққа қарсы

2013 жылдың сәуір айында «НұрОтан» ХДП-сы жанындағы жемқорлыққа қарсы Республикалық Қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес сот шешімдерін орындау арқылы жемқорлыққа қарсы шаралар қолдану жоспарланған еді. Осыған байланысты партияның Ақтөбе облыстық филиалы берілген сұрақтың қоғамдық кеңес отырысында қаралуын тапсырылған. Осы мәселеге қатысты 17 сәуірде өткен бас қосуға «НұрОтан» ХДП-ның Мәртөк аудандық филиалы төрағасының орынбасары Н.Құрамысова, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Абдуллин, мүшелері С.Каракеев, Ф.Кривцова, Н.Нуртазина, С.Ильясова қатысты.
18.04.2013
Бизнестің жауапкершілігі және әлеуметтік әріптестік

Сәуірдің 10 күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында «Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі» Мәртөк аудандық үш жақты комиссия отырысы болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Б.Кенжеғұлов, комиссия мүшелері, аудандық салық басқармасының басшысы М.Сағиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Р.Джамалова қатысты.
11.04.2013
Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, еліміздегі әлеуметтік жағдайды жақсартуды көздейді. Аталған бағдарлама 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. өзбетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына көмектесу. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін шағын несие беріледі.
04.04.2013
Төрлет, Наурыз!

04.04.2013
Кәсіпкерлерге арналған семинар

27 наурыз күні аудан әкімдігі гимаратының акт залында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық семинар өтті.
14.03.2013
Ана- бақыт, ана- гүл!

14.03.2013
Ана- бақыт, ана- гүл!

14.03.2013
«Шебер» клубы ашылды

Әр халықтың сарқылмайтын үш арнасы бар: сөз өнері, саз өнері, қол өнері. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану мұражайының өмірінде алғаш рет «Шебер» клубының ашылуы болып өтті.
14.03.2013
Көңілге демеу болған шара

8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күніне орай әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
21.02.2013
Жалынды жастар бірлесті

Жастар - елдің болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің берік іргетасы деуге әбден болады. Өскелең ұрпақ ертеңгі тірлік иелері болғандықтан олардың қайратты да белсенді және елінің патриоты болып қалыптасуы өте маңызды. Осындай мақсатты көздеген егемен еліміздің түпкір-түпкірінде жастар қоғамдық ұйымдары құрылуда. «Болашақ» қоғамдық бірлестігі, аудан жастарының әртүрлі әлеуметтік және кәсіби салаларында өзін-өзі іске асырумен айналыспақ.
14.02.2013
Өткен жылға оң баға һәм осы жылғы міндеттер

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен жергілікті атқарушы органдардың әкімі жыл сайын халық алдында есеп беруді дәстүрге айналдырды. Осы үрдіске сай елді мекендерді аралап есеп берген аудан әкімі Мәди Елеусізов ақпанның 8-і күні аудан орталығында, соңғы есепті кездесуін өткізді. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов, облыс әкімі аппаратының басшысы Константин Петров, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық басқармалардың басшылары, аудан орталығының тұрғындары қатысты.
07.02.2013
Күре жолдың бойындағы ауылдарда

07.02.2013
Келелі істер, ауқымды мақсат

07.02.2013
Қашық ауылдардағы қарқынды істер

Беттер