Жаңалықтар

15.01.2018
Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді.
12.01.2018
Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.
05.01.2018
«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті. Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.
05.01.2018
БЖЗҚ туралы 5 сауал

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
03.01.2018
Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.
25.12.2017
Жеке куәлікті және шетелге шығу төлқұжатын қалай алуға болады?

Жеке куәлікті және шетелге шығу төлқұжатын беру бойынша мемлекеттік қызмет ең көп талап етілетін қызметтердің бірі. Ағымдағы жылдың 11 ай ішінде 1418050 жеке куәлік және шетелге шығу төлқұжаты берілді. Көрсетілген құжаттарды алу үшін азамат міндетті түрде келесідей қадамдарды атқару қажет: 1-қадам –ХҚКО-ның кез-келген фронт-кеңселеріне жолығу. 2-қадам – Қазпочта немесе екінші деңгейлі банк бөлімшелеріне мемлекеттік баж салығын төлеу.
Жеке куәлікті беру үшін төленетін мемлекеттік баж салығы 0,2 АЕК (453,8 тг), төлқұжат алу үшін 4 АЕК (9076 тг) құрайды.
14.12.2017
5 СҰРАҚ ҚАРАША

1. Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді?
Бүгінде мемлекеттік базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілдерінің көлеміне қарамастан 14 466 теңге мөлшерінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл жоғары). Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленетін болады. Яғни, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын (2018 жылы бұл – 15 273 теңге) құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады (2018 жылы бұл – 28 284 теңге) және одан асырылмайды.
12.12.2017
Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсімін өткізді.
11.12.2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды.
04.12.2017
Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері мен бэк-офистері арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% көрсетіледі. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?
27.11.2017
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар

Өмірде мамандықтардың түрлері көп қой, соған сәйкес әрбір мамандықтың өзіндік ерекшеліктері, жауапкершілік деңгейі болады. Сонымен қатар кез келген жұмыс белгілі бір мөлшерде адам денсаулығына әсер етеді. Кейбір кәсіптердің адам ағзасына теріс әсері басқа кәсіптерге қарағанда жоғары болып келеді. Олардың зияндылығы бірінші кезекте денеге түсіретін ауыр салмағына қарай айқындалады. Алайда, зиянды еңбек жағдайы да адам денсаулығына үлкен әсер етеді. Жекелеген өндірістер, жұмыстар, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайлары бар кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген.
27.11.2017
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ Салымшысы (Алушысы)!

Заңға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтары бар:
- жалпы белгіленген зейнет жасына толған тұлғалар: 58 жасқа толған әйелдер, 63 жасқа толған ерлер;
- мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер құқылы.
Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру аясында «БЖЗҚ» АҚ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы төмендегідей өзгерістер туралы хабарлайды
27.11.2017
БЖЗҚ: ҚОСАРЛЫ ШОТТАР ҚЫСҚАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұң- ғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгізілгені белгілі. Осы жылдың алғашқы айларынан бастап жұмыс берушілер жұмыс істейтін барша қазақстандықтар- дың жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын міндетті зейнетақы жарналары ретінде аудара бастады. Сонымен қатар, олар ерікті зейнета- қы жарналарын да аудару құқығына ие болды.
17.11.2017
Ауданда білім беру саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен Азаматтарға арналған мемлекеттік корпарация арқылы және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті

2017 жылдың 17 қараша күні Аудан әкімінің орынбасары Б.Тілегеновтің төрағалығымен №2 Мәртөк мектеп гимназиясында «Ауданда білім беру саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен Азаматтарға арналған мемлекеттік корпарация арқылы және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске аудан бойынша мектептер мен балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, жауапты мамандары қатысты.
09.11.2017
5 сұрақ қазан

1.Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгіленген мерзімде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күні белгіленген, бірақ іс жүзінде бұл бар болғаны 3-4 күнді алады).
Қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (Қорға өзі келгенде/пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы жүгінгенде), сондай-ақ төлем валютасының түріне қарай өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері www.enpf.kzмекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.
БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы және алушының банктік шоты туралы мәліметтер қажет.

Беттер