Жаңалықтар

17.04.2018
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұртшылықпен есептік кездесу өткізді. Астана қаласының Есіл ауданының әкімдігінде мемлекеттік корпорацияның басшылығы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді, онда мемлекеттік корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттік қызметті кедергісіз көрсету арналары туралы баяндады.
13.04.2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ.Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмысістейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған. «Олар салық төлемейді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелі экономикада жүр. Мен бұл туралы кемінде бес жылдан бері айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда мұнымен нақты ешкім айналыспайды», - деді өз сөзінде Президент.
05.04.2018
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қыз

Бүгін, яғни 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында А.Бердалин мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы жайында, мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады.
05.04.2018
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішінде жаңа үлгідегі жүйелік блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, үздіксіз қуат көзінің (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндірілсе де өз қызметін жалғастыра береді.
05.04.2018
2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.
03.04.2018
Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.
30.03.2018
Қоғамдық кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Достық үйінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Оған Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, аудандық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары мен баспасөз өкілдері қатысты. Кеңес отырысын қоғамдық кеңестің төрағасы А.Исмагулов жүргізді. Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе "Мәртөк ауданының Қоғамдық кеңесі жұмысы", "Мемлекетік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстар ", "«Жемқорлықсыз болашақ» "Адал ұрпақ" патриоттық клубының жұмысы" қаралды.
27.03.2018
5 сұрақ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
16.03.2018
Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл

Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар.
12.03.2018
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.
03.03.2018
БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды және заманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы. Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды. Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kz сайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.
03.03.2018
2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады.
03.03.2018
Ақпараттық хабарлама

Мәртөк аудандық әкімдігі 2018 жылдың 28 наурыз сағат 15:00-де Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы Сейфуллин көшесі 36, кіші мәжіліс залында коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерді жеке меншікке сату бойынша аукцион өткізедіАукционға ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
01.03.2018
Мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, құжаттама және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында аудан әкімдігінде құжаттама, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру бойынша семинар өтті. Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Көлкебаев, аудандық мемлекеттік мұрағаттарының меңгерушісі Н.Жамбосынова, әкім аппаратының бөлім басшылары Б.Көптілеуов, Н.Сақтағанов, Г.Төлеуова және аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары қатысты.
26.02.2018
Төлемдерді ай сайын жүзеге асыру тәртібі: алғашқы алдын ала қорытындылар

Зейнетақы заңнамасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асыру тәртібіне қатысты енгізілген өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 38 329 алушыға қызмет көрсетілді. Олардың ішінде Қорға зейнетақы тағайындау жөнінде бірінші рет өтініш бергендердің саны 4 064 алушы мен 328 мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды құрады. Зейнетақы төлемдері ай сайынғы кесте бойынша штаттық тәртіпте жүзеге асырылып жатыр.

Беттер